Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Жол бойында көлік қағып қаза болған полицейдің артында жүкті әйелі қалды

Салтанат Әзірбектің айтуынша қаза болған полицейдің артында әйелі мен екі қызы қалды. Әріптестері марқұмның өнерлі болғанын айтты. Жерлеу рәсіміне ІІД басшысы Серік Күдебаев бастаған полиция қызметкерлері түгел келді.

Марқұм полиция капитаны 1986 жылы туған Жандос Нұрғазиев Алматы ІІД жедел әрекет ету жасағында, ішкі істер органында 2009 жылдан бастап аға инспектор болып қызмет етті.

«Капитан Нұрғазиев 2001 жылы «Қазақстан – менің Отаным» байқауының, 2015 жылы ҚР ІІМ ұйымдастырған «Мәңгілік ел боламыз» байқауының лауреаты атанды. Ол бірнеше жыл бойы полицияның имиджін көтеру мақсатында ақпараттық насихат тобын басқарып, бүкіл елді аралап шыққан. Жандостың таланты ОҚО, СҚО, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстарындағы ІІО әріптестерін тәнті етті. Оның қазасы барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды…», – деді ІІД кадрлық жұмыс басқармасының басшысы Ораз Жолдасов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз