Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Жол апатының салдарынан алматылық әйел екі аяғынан айырылды

175
Сурет: СТВ арнасы, «Территория происшествий»

Мақатаева көшесінің бойымен үлкен жылдамдықпен келе жатқан Ford фургонының жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғандықтан басқа көлікті қағып, аялдамаға соғылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сол уақытта аялдамада 61 жастағы әйел адам болған. Қатты соққыдан оның екі аяғы жұлынып кеткен. Бұдан кейін фургон бағананы құлатып, ағашқа соғылған. 

Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, ол емханаға жекізді. Жол апаты болған орында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қалалық полиция департаменті:

«Ford Transit маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде болған», —

деп хабарлады.

Дәрігерлер әйелдің екі аяғын да ампутациялағанын мәлімдеді.

«Әйел адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қажетті көмектің барлығын көрсетті. Науқастың жағдайы өте ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның диагнозы: сол жақ жілік сүйектерінің жабық сынығы, екі аяғынан жарақат алғандықтан ампутациялауға тура келді. Жарақаттық шок алған», — деп түсіндірді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз