Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған келіншектің соты дауға ұласып кетті

24 жастағы автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаев 4 айға созылған тергеу қорытындысы бойынша күдікті деп табылған. Десе де, ол кінәсін мойындар емес. Тіпті, айыпталушы тарап қайғылы оқиғаға Парафиеваның өзі де кінәлі деп салды.

“Бұл жерде Парафиева да ереже бұзып отыр былай қарасаңыз. Әл Фараби көшесі ол жоғарғы жылдамдықпен жүретін жол болып саналады. Мейлі балон жарылды, балон жарылғанның өзінде көліктің жүруге мүмкіншілігі болған ол кезде”, – дейді Д. Жаңабаевтың адвокаты Бақытжан Сейдалиева.

Тіпті, үшінші көліктің жүргізушісі де жол ережесін бұзған дейді адвокат. Сондықтан, істі қайта тергеуге жіберуді сұрады. Десе де, судья бұл талапты қабылдаған жоқ. Ал, жәбірленуші кінәліден моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап етті. Бұдан бөлек, сот шығындары үшін 200 мың теңге сұрады. Алайда, өмір бойына мүгедек болып қалған әйел нақты кімді кінәләрін білмейді.

“Мен ешкімді кінәлі деп ойламаймын. Кінәліні анықтайтын сот бар. Мен тек өзімнің жауабымды беремін. Судьяның әділдігіне сенемін”, – деді Парафиева.

Бұл жол апаты маусымда болған. Екатерина тізгіндеген көлік Әл-Фараби даңғылының бойыншағы ашық люкке түсіп, дөңгелегі жарылған. Ал, ол жол ортасына тоқтаған бетте, автобуспен басқа Toyota соқтығысқан. Сөйтіп, сол жеңіл көлік тоқтап тұрған машинаға барып ұрылыпты. Екі ортада келіншектер қысылып қалған. Олар ауыр жарақаттар алған. Тіпті, Екатеринаның екі аяғын кесуге тура келді. Бүгін сол Toyota-ның жүргізушісі де сотта куәгер ретінде жауап берді. Анықталғандай, ол сол кезде телефонмен сөйлесіп келе жатыпты. Оған нақты дәлел де бар.

Соған қарағанда, бұл куәгер де сүттен ақ, судан таза емес. Ал, өзге куәгерлер айыпталушы тізгіндеген автобустың да жолда ережені бұзып келе жатқанын айтты. Енді, Жаңабаевтың кінәсі дәлелденсе, 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

Ал, ашық қалған люк үшін ешкім жауапқа тартылмайтын сыңайлы. Десе де, бүгін жәбірленуші тарап келесі сотқа «Алматы тазалық» мекемесінің қызметкерлерін де шақыруды сұрады. Өйткені, жолдағы құдықтарды қадағалауға солар міндетті.  Бірақ коммуналдық қызметтерлер тек куәгер ретінде жауап береді. Бұған қоса, келесі сот отырысына автобустың қожайыны мен осы іс бойынша тергеу жүргізген мамандар да шақырылды. Ал, қазір Парафиева өзінің денсаулық жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді. Жақын күндері оған тағы ота жасалмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз