РФ Мемлекеттік думасына Кемеров облысынан сайланған депутат Александр Фокин Кузбас халқы Аман Төлеевтің отставкасын түсінікпен әрі зор өкінішпен қабылдайтынын айтты.
Бұл туралы ресейлік саясаткер RT телеарнасында берген сұқбатында айтты.
«Аман Төлеевтің отставкасын қайғылы оқиға орын алған Кузбас халқы түсіністікпен әрі сонымен қатар зор өкінішпен қабылдайды. Өйткені ол бұл өңірге шахталар жұмыс істемей тұрғанда, шахтерлер жарты жыл бойына айлық көрмеген қиын кезде келді. Төлеев келді, жағдай өзгерді. Қазір бізден 200 млн тонна көмір өндіріледі, 5 көмір порты салынды. Он миллиондаған шаршы метр баспана салынды. Мұның бәрі сол кісінің арқасы…», — деді Фокин.
Сондай-ақ саясаткер Төлеевтің өз еркімен отставкаға өтініш жасауын нағыз азаматқа тән шешім екенін айтты.