Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Жоқ, бұлай аяқталмауы керек”. Оңбай жеңілген Денис Тен ашынып кетті

Төмен нәтижемен жарысты аяқтаған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де осы олимпиадаға қатысуымның өзі жеңіс депті.

Денис Тен, мәнерлеп сырғанаушы:

– Осы Олимпиадаға қатысуымның өзі – мен үшін жетістік. Себебі Пхенчханға дейін көп жарақатым болды. Соңғы бірнеше айдан бері аяғымның ауырғанынан ұйқым бұзылғаны рас. Бірақ соған қарамай, осында келдім. Өйткені бұл Олимпиаданы асыға күттім. Сочиден кейін спорттан кету туралы ойым болған еді. Енді міне, Кореяда жүрмін, келгеніме қуаныштымын.

Жақсы өнер көрсетпегенім көңіл көншітпеді. Қазақстан құрамасының спортшыларына сәттілік тілеймін.

Спорттағы ғұмырымды осылай аяқтағым келмейді.

Мен әлі өз жанкүйерлерімді қуантамын.

https://kaz.365info.kz/bizdin-andi-oryndagan-zhigit-khoj-frantsiyada-denis-ten-dimashtyn-anine-bilep-shykhty-video-284851

Олимпиада ойындарына арнайы бағдарлама дайындап келген Денис Тен ерекше қойылыммен есте қалуды ойлады. Бірақ спортшының жоспары жүзеге асқан жоқ. Жарақатын сөз еткен жерлесіміз отыз спортшының арасынан 27-ші болып жарысты аяқтады.

Татьяна Тарасова, жаттықтырушы:

– Иә, ол қатты ауырды және жарақаты бар. Жүдеп те кетті. Бірақ Денис Теннің мұншалықты төмен нәтиже көрсеткені таңғалдырды. Ол мұнда өзін жоғалтып алды. Денис Америкаға не үшін барды. Ол жаңа бағдарламаны үйренуі тиіс еді ғой.

Енді Тен ақылы мен тәжірибесін өз елінде ізбасарлар дайындауға арнағаны дұрыс.

https://kaz.365info.kz/denist-tenge-ne-boldy-sportshy-aziadadagy-zhenilisine-khatysty-pikir-bildirdi-video-252013

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ертең өтетін еркін бағдарламаға өте алмады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері енді спорттағы жолына әдемі нүкте қоюды ойлайды. Қысқа бағдарламадан кейін Сочи Олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю топ бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз