Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жоғалған қыздың ағасы: “Желіде танысқан жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған” (видео)

355

Тек тоқтатуға қауқары болмапты. Оның үстіне, қазір алматылықтар былтыр жоғалып, екі айдан соң денесі табылған Назерке Әріптің оқиғасынан кейін шошып қалған. Рысбековтер әулетінің де шарқ ұрып іздеуі содан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айгерімді соңғы рет көрген жеңгесі осы. 23 ақпан күні түскі сағат 2-лер шамасында дәріханаға дәріге шығыпты. Жанында бойы ұзын, қара-торы келген жігіт болғанын айтады. Қасына жақындай беріп едім, қолтықтап алып жұлқылай жөнелді дейді. Жолдан өтіп жылаған қайынсіңілісін тоқтатамын дегенінше, көзден ғайып болыпты. Енді куәгер ретінде полицейлерге түсінік берсем, басым бәлеге қалды деп қорқып отыр.

«Қанша тергеушілер ауысып жатыр. Бақтияр Ілтаймасов деген тергеді. Қайным екеуміз кірген едік. Қайнымды телефонға жұмсап жіберіп, маған қоқан-лоқы көрсетті. Артыңды ойладың ба, артыңда не тұрғанын білесің бе” деп” – Айгерім Рысбектің жеңгесі Мөлдір Қойманова.

Айгерім екі күн үйіне оралмаған соң Рысбековтер Жетісу ауданының полицейлеріне арыз түсіруге мәжбүр болдық дейді. Өйткені, Айгерімнің ВК контакті желісін бұзып ашқанында соңғы рет Назым есімді жігітпен кездесуі бар екенін біледі. Телефонын тауып хабарласқанында азамат оны мойындапты да. Тек таксиге отырғызып қайта жібердім деген. Бірақ, тергеушілер алдында жігіттің түсініктемелері табан асты қайта-қайта өзгеріп жатыр дейді отбасы.

https://kaz.365info.kz/oli-tirisi-belgisiz-ozinen-20-zhas-ylken-yndis-azamatyna-tigen-khazakh-khyzy-zhogalyp-ketti-video-293985

«Не деп жатыр дегенімде, қызды жеке квартираға апардым, 3 сағаттай квартирада болдым деген жауабы. Ал ағасы органда істеймін деді. Аты жөнін таныстырмады. Менің ойымша, сол баланың қолында. Өткен аптада четверг күні шақырды тергеуге. Олар келмеді. Сол кезде тергеуші айтқан воскресеньеге дейін қыз табылады деп жұбатып жіберді” – Айгерім Рысбектің ағасы Жәнібек Әшімов.

Үмітінен күдігі басым отбасының Айгерім сүт кенжесі. Қаладағы колледждердің бірінші 1-кірс студенті екен. Полицейлерден хабар күтіп шаршаған анасы барлық туған туысымен 11 күннен бері өздері іздеп жүр. Бүгін де, аудандық бөлімшеге келіп, кіре алмай жүрегі қан жылады шешесінің.

«Бұл жерде қандай әділдік бар. Біз қайда тұрып жатырмыз? Айналайындар, қазағым-ау, біздің қыздар осылай жоғала береді ме? Кімнің көлеңкесінде кетіп жатыр? Менің қызым қайда?” – Айгерімнің анасы Нұрлыхан Рахимова.

https://kaz.365info.kz/nazerkemdi-khajtaryndarshy-tyzdybastauda-bir-aj-byryn-zhogalgan-khyz-tabyldy-278969

Жетісу аудандық полицейлерінен қайыр болмаған соң Рысбековтер әулеті прокуратураға арыз түсірді. Ал, қалалық ішкі істер департаменті арыз түсті, іздестіріліп жатыр деп қысқа қайырды. Тек өзімен ертіп кеткен Назым есімді жігітті тұтқындауға еш негіз жоқ дейді. Сондықтан отбасы Айгерімді көрген қалың жұрттан хабар күтіп отыр.

https://kaz.365info.kz/erzhan-meni-strojkada-zorlady-eks-deputattan-zorlykh-korgen-khyz-tagy-da-nazarbaevtan-komek-syrady-video-297118

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз