Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жоғалған студенттің мәйітін табуға көріпкел көмектесіпті

178

1Заман Сыпатаев, көріпкел:

– Есентайға кеше келіп, төрт сағаттай жүрдім де, ТЖМ қызметкерлерін шақырып, суды бөгеуді сұрадым. Себебі, су деңгейі төмен түссе, жоғалған адамды табуға айтарлықтай көмектесер еді. Содан кейін оның басынан соққы алғанын көрдім. Кейіннен достары оның өз басын қоршауға ұрып алғанын айтты. Содан басы айналып, құлап кетсе керек.

Оқиға орнына Санжарбектің достары келіп, қалалық ТЖ қызметкерлерін күтпестен, өзен арнасына түсіп іздеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Андрей Курбатов, Санжарбектің курстасы:

– Біздер ТЖ қызметкерлері келмей тұрған алғашқы күндері-ақ, ол кезде су кеудеден келетін, мына арнайы киімдерді сатып алып, осы жерде іздеу жұмыстарын бастап кеткен болатынбыз. Қазір де, мына балшықтың астынан тауып қаламыз ба деп қарап жатырмыз.

Түптеп келгенде, іздеу жұмыстары өз нәтижесін берді. Санжарбектің мәйіті су деңгейін төмен түсіргенде табылды. Су ағысы оны бірнеше шақырымға төмен ағызып кетсе керек. Мәйіт – мәйітханаға жеткізілді, жақындары таныды. Сол түні нақты не болғандығын анықтауға тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз