Оңтүстік Қазақстан облысында студент Әйгерім Оспанбекованың мәйіті табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғалған қыздың денесін Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылы маңынан мал бағып жүрген адам аңдаусызда шұңқырда жатқан жерінен тауып алған.
Қыздың ұялы телефоны мен сегіз мың теңгесі қолды болған.
Естеріңізде болса, бұған дейін оңтүстікқазақстандық студент қыздың жоғалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.