Соңғы кездері қазақ эстрадасында жалаңаштануды әдетке айналдырып, ашық-шашық мәнде бейнебаян түсіретін әртістер көбейді.
Әсіресе, жақында ғана жарыққа шыққан Кәмшат Жолдыбаеваның қырғыз әншісімен бірігіп түсірген бейнебаяны мен Нұрболат Абдулиннің “Сен мені тыңда” атты бейнеклипі көптің ашуына тигені рас. Аға буын жас әртістердің бұл қылығына ашулы. Мәселен, Мақпал Жүнісова сахнада жүрген жартылай жалаңаш қыздарды көргенде жиіркенетінін айтады.
“Өте бір ыңғайсыз сахналар түсіріліп жатыр. Біздің менталитетке жатпайтын нәрселер, шешініп тастау, анайы түсірілімдер неліктен эфирден көрсетіліп жатқанын түсіне алмадым.
Алла Тағала бойымызды сұлу қып жаратса, оны міндетті түрде ашып көрсету керек емес. Ол тек қана қазаққа емес, басқа ұлттарға ғана солай айтар едім. Жалпы әдемілік, сұлулық – Алла Тағаланың берген сыйы.
Оны тек өзің үшін пайдалан, өзіңнің күйеуің үшін… Сұлулықты да қадірлеп, қастерлеп, сақтай білу керек, оны да шаша беруге болмайды”, – дейді Мақпал Жүнісова.
«Ол менің қолдаушым». Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы ағынан жарылды
Халық артисі бұл әртістердің атын атаудан бас тартты. Айтпасам да ел көріп отыр, дейді ол. Әйткенмен, қазақтың ерке қызы киелі сахнадан мұндай сорақылықты көргенде үндемей отыра алмаған.
“Бізде бір емес, бірнеше әнші қыз бар. Аттарын айтсам, олар қатты ренжуі мүмкін. Бірақ өз ойымды жеткізгім келеді. Оларды қазақ болғаны үшін жақсы көремін, бірақ анадай бейнебаянды көргенде шынымен де жиіркенішті”, – дейді Жүнісова.
Мақпал ханым Нұрболат Абдуллиннің соңғы бейнебаянын көрмепті. Естігенде өкініш білдірді.
«Қызғанбаңыз». Төреғалимен бірге киноға түскен актриса Толқынға жауап берді
“Жалпы көрерменді осылай қызықтырамын деп ойлайтын әншілер қатты қателеседі. Бұл шоу-бизнес, онда тұрған не бар деген әңгімелерді естіп жатырмын.
Шешінсін, көрсетсін, сүйіссін, төсекте жатсын деген әңгімелерді де естіп жатырмын. Бірақ мен оған қарсымын.
Мен де әдемі келіншекпін, әдемі қыз болғанмын. Жас кезімдегі видеоларды көрсеңіздер, менің де белім қылдай, аяғым ұзын, фигурам әдемі болған. Бірақ мен сұлумын деп шешінбеген адаммын. Әдемі адамға не кисе де жарасып тұрады. Оны жалаңаштандырудың қажеті жоқ деп ойлаймын”, – деп кесіп айтты ол.
Рахман Омаровтың ұлы анасының мәйітін қалай тауып алғанын айттты