Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Рахман Омаровтың ұлы анасының мәйітін қалай тауып алғанын айттты

579

Марқұм Гүлдерайым Омарованың ұлы қылмыс кезінде үйде болған екінші қыздың жауапкершілікке неге тартылмағанын түсіндірді.

«Қылмыс кезінде тағайындалған геномды сараптама нәтижесінде екінші қыздың саусақ ізі, басқа да іздері табылмаған», – деді Д.Кәкімов.

Жас жігіт сондай-ақ, Сүлейменованың қорғаушысының келтірген өтінішімен келіспейтінін айтты.

«Олар мені өлтіргісі келген жоқ деп жатыр. Бірақ, Сүлейменова маған пышақ ала жүгірді. Ол мені өлтіріп, осы қылмысты түп-тамырымен жауып тастағысы келді. Сүлейменова менің анама 8 жерінен пышақ салған. Ол анамды өлтіргісі келмесе, сонша жерінен пышақ салмайтын еді», – деді Рахман Омаровтың ұлы.

Айта кету керек, бүгін алдын ала сот тыңдалымы өтті. Онда Сүлейменованың қорғаушысы қорғауындағы әйелдің Досханды өлтіргісі келмегенін, Гүлдерайымды байқаусызда өлтіріп алғанын айтып, өтініш түсірген болатын. Адвокат ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімін ҚР ҚК 106 бабына (адам денсаулығына қасақана залал келтіру) ауыстыруды сұрады. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Басты сот талқылауы 5 қарашада 15:00-ге белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз