«Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың әншіліктен бөлек, бокспен айналысатынын ел біледі. Жаттығу залына баруды сиреткен әнші жуырда рингте таяқ жеп, тісінен айырылып қалғанын Әлеуметтік желіде оқырмандарымен бөлісті.
Бұл туралы Қамшы порталы хабарлады.
«Бір бармай қалсаң жаттығуға еріншектігің ұстап, сылтауың көбейіп кетеді. Бүгін жаңа қолғапты киіп келдім. Ауыр екен. Жаттығу жасап жүрмеген соң шаршап қаласың. Рингке парға шыға салып едім, әдемі соққы алып, тісім үгітіліп қалды. Өзі де баяғы мектептің кезінен пломбадан пломбаға жалғанып жүр еді. Ыбырай досыма барып келем енді», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.