Дағыстанда өткен аралас жекпе-жектен ашық чемпионатта жаппай төбелес орын алды.
Оқиға сенбі күні Ресей балуаны Владимир Минеев пен дағыстандық Азиз Жұманиязов арасындағы жекпе-жек кезінде болды.
«Айқас аяқталып, балуандар еденнен тұрып жатқан уақытта дағыстандық спортшы Жұманиязов Минеевті аяғымен бір теуіп, кетіп бара жатты. Сол сәтте Владимир орнынан атып тұрып, Азизді бір ұрды. Содан соң екі спортшының да жақтастары рингке шығып, “соғыса” кетті. Барлығын сабырға шақырып, жағдайды реттедік. Екі балуан трибуна астындағы бөлмеге кіріп, бір-бірінен кешірім сұрап, қол алысты», – делінген «Горец» ММА дағыстандық клубының «Вконтакте» желісіндегі хабарламасында.
https://www.youtube.com/watch?v=-3djdZby2Vg