Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жұмыстағы жігітпен жатып қойдық. Енді не істеймін?” – бір әйел кеңес сұрайды

909

Есімі Рашид. Әйелінен ажырасқан, бір баласы бар екен. Менің де басым бос, күйеуім кетіп қалған, екі балам бар. Рашид киноға шақырды. Сол күннен бастап телефонмен күніне бірнеше рет хабарласып, әңгімелесіп жүрдік. Оның үстіне, оны намаз оқиды деп естігенмін, яғни «таза» болар, түрлі жұқпалы аурулардан аулақ болар деген оймен араластым.

Жұмыстан кейін ылғи үйге апарып тастайтын. Сөйтіп жүріп жақындасып кеттік. Оны күнде көргім келіп тұратын. Бір айдан соң таныстығымыз махаббатқа ұласып, пәтер жалдап, қосылып жүрдік.

Содан бастап мен үшін бір тозақ басталғандай. Телефонмен сөйлессем, «ол кім, сенен не керек. Оған неге күліп жауап қатасың?» дегеннен бастап, «жұмыстан кейін бір сағат қайда болдың, кіммен болдың, ол кім, қандай құрбың?» деген тергеулері басталды.

Жұмыс барысымен таксопарктің жүргізушілері ақпарат алу үшін күні бойы хабарласады. Мен де смс арқылы қысқа хабарламалар жіберуге міндеттімін. Ал Рашид болса минут сайын звондап, «қоя тұр, қолым босамай жатыр, өзім хабарласамын» дегеніме қарамастан қайта-қайта қоңырау шалып, әбден мазамды алып, зықымды шығаратын болды.

Мен біреумен бірге түскі асқа кетіп қалмасын деп, тамақты өзі әкеліп беріп жүрді. Мінезі қызба, жауап бермесем, айқайлап, көлігінің рөлін қолымен ұрғылап, айқайлай жөнеледі. Сабасына түскен соң, кешірім сұрап, жалына бастайды. Шынтуайтқа келгенде, сұраған кешірімдерінің саны көп болса, мәні де кетіп қалады екен.

Ессіз сүйгені, сезімін мойындауы әркезде асқан қызғаншақтық «ұстамасымен» алмасып отырады.

Ешқандай жаман қылық жасамасам да үнемі Рашидтың алдында өзімді кінәлі сезінетін болдым. Жан жылуын сезінгеніммен, жан тыныштығы жоқ.
https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006
Басында қызғаншақтығын қатты сүйеді ғойға балап, қызық көретінмін. Бірақ мұндай қарым-қатынас тез арада төзімімнің шегіне жеткізді. Айналдырған бір айдың ішінде жүйкем жұқарып, Рашид хабарласса, телефонды көтергім келмей, кертарпта жауаптар қайтаратын болдым. Ол да менің суынып, көңілім қалғанын сезіп, одан сайын бастырмалатып, жалынып, «кешір, енді олай істемеймін, түзеймін мінезімді, уақыт бер деп», үйдің алдынан кетпей тұрып алады. Әзірге мүмкіндік беремін деп оған айтқаным жоқ.

Себебі, маған назар аударып жүрген тағы бір адам бар. Өте салмақты, орнымен сөйлеп, орнымен жауап беріп, айтқан сөздеріме сеніммен қарап, жымиып қана жүретін жігіт өзге ұлт өкілі. Бір қызы бар, өзімен тұрады. Әйелі ішкілікке салынып, тастап кетіпті. Өзің сүйгенге емес, өзіңді сүйгенге, демеуші ме еді халық.

Не істесем екен? Сіздер қалай ойлайсыздар?

https://kaz.365info.kz/bajynan-bezingen-bajbishe-258052
Жазып алған: Аяжан Төрехан

Мақала VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз