Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жігер Ауыпбаев: Менің күзетші боп жүргенімді естігендер жаны ашып, көмек ұсынды

133

… Иә, мені күзетші болып кетіпті деген сөзді де, оған дәлел болған видеоны да көрдім. Бір адамдар қуанған да болар. Менің жаныма медеу болғаны – тыңдармандарымның ыстық ықыласы. Себебі, осы видео тарағаннан кейін мені іздеп, көмектескісі келетіндер көбейді. Тіпті жеке өзіме «Күзетші болып жұмыс істегенше, хабарлассаң қайтеді?» деп жазғандар болды. Әрине оның ішінде ақша ұсынып, көмектескісі келетіндер де өте көп болды.

Әрине, мен соншалықты қиындыққа душар болған жоқпын.

Ол видео киноға түскен сәттен үзінді болатын„ – дейді әнші.

Сондай-ақ Жігер Аупбаев үш әріптегі адамдардың өзінің ізіне түскенін айтты.

– Топтағы жігіттер мен қазіргі продюсерімнің „Телефон арқылы бір ауыз хат жазып қоштасты, олардың сый-құрметі, құны бір хат болды„ деген сөздері маған ауыр тиді. Одан қалса менің қажылық сапарымды әңгіме қылғандары тағы бар. Мен ешқандай да Сирияға соғысқа аттанғаным жоқ. Мен мұсылмандық парызымды өтеуге бардым.

Осындай «дін жолында адасты» деген ақпараттардың кесірінен ізіме ҰҚК қызметкерлері де түсті. Аңдуда болдым.

Осы күнге дейін өнер жолын бірге бастаған, жетістік пен қиындықты бірге көрген «достарым» мені іздесе табатын еді. Оларда менің анамның, барлық туыстарымның телефон нөмірлері бар. Мен жайлы олардың айтқан сөздерін тек журналистер арқылы естідім. Жігіттер мен продюсерге ешқандай ренішім жоқ. Кемшіліксіз тек Алла, – дейді ол.

View this post on Instagram

"Меломен" тобындағы Жігер ма?

A post shared by Олжас Сыдықбек (@olzhassydykbek_official) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз