Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жезөкше кім, ана жігіт кім?..”. Айнұр Тұрсынбаева Жан Ахмадиевті жер қылды

https://kaz.365info.kz/yyatsyzdar-zhan-ahmadiev-almatydagy-zhezokshelerdi-khamshymen-sabady-video-307787

Мен айттым: ” айдаладағы жезөзекшелерді біреу барып қамшымен ұрады екен, неге мен оны өзімнің әлеуметтік желімдегі парақшама салуым керек. Неге мен оны насихаттауым керек. Жезөкше кім, ана жігіт кім? Екеуін де танымаймын.

Мәселен, егер Сәкен Майғазиев, болмаса Қыдырәлі Болманов немесе Мейрамбек Беспаев сияқты өнерге үлесін қосқан жігіттер шығып, “біз осылай бас көтереміз, мынадай бассыздыққа жол бермейміз” десе түсінемін. Олар азамат ретінде қалыптасты, өнерге үлесін қосты, ел алдында жүрген тұлға. Ал мына кісіні танымаймын.

Мүмкін, атақ шығару деп қабылдау керек шығар”, — деді айтыскер ақын ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

https://kaz.365info.kz/ol-negizi-bylaj-edi-zhyni-zhygylgan-zhan-ahmadiev-yndeu-zhasady-video-308596

Еске салып өтсек, YouTube-те “жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген” рэпердің видеосы жарияланған еді. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгімелесе келе ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.

Қазнетті “жарған” видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген. Кейінірек ішкі істер министрлігі видеоны тексеріп, рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамағаны анықталды. Ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген екен.

https://kaz.365info.kz/syjip-aldy-ajnyr-tyrsynbaeva-khajrat-nyrtaspen-ekeuinin-arasynda-ne-bolganyn-ajtty-308220

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз