Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жезөкше деп жазыпты…” Күйеуімнің көңілдесі суретім мен нөмірімді желіге салып жіберді

277

https://kaz.365info.kz/ne-istejmin-endi-konildesinen-bala-tugan-ajelin-keshirgen-azamattyn-myny-video-255930

“Күйеуімнің менен өзге тағы бір әйелге барып жүргенін білгеніме бір жарым жыл болды. Бастапқыда не істерімді білмей анамның үйіне кетіп қалдым. Бір ұлым бар. Күйеуім бірақ жаза басқанын айтып, қояр да қоймай үйге қайтып алып келді. Ол енді ол әйелмен байланысын үзетінін айтып сендірді. Содан арада бес жыл өтті.

Мен оның телефонын тығып, менен бір нәрсе жасырып жүретінін сезіп, талай ұрыс та шығардым.

Бірақ ол үйге қонады. Жұмыстан уақытылы келеді. Сондықтан оған сендім. Әрі оны уәдесінде тұрады деп ойладым. Бір күні құрбым әлеуметтік желіде жарияланған менің суретімді көрсетті. Онда менің жезөкше ретінде қызмет көрсететінім жазылған. Дәл өзімнің суретім және менің телефоным. Бір қызығы ол сурет тек күйеуімнің телефонында болатын”,  – дейді әйел.

https://kaz.365info.kz/bala-k-tushi-kelinshek-k-ildesime-ajnalyp-ketti-244942

Осыдан кейін оған телефон қоңыраулары толассыз келіп түсе бастаған. Ал күйеуі ешнәрсені білмейтінін айтқан.

«Ол мұны ести сала, қатты ашуланып, біреуге қоңырау шала бастады. Сөйтсем ол көңілдесі екен. Оған қатты айқайлап, ұрсыса бастады. Мен оның телефонын жұлып алып, өзім сөйлестім. Көңілдесі болса, оның күйеуімнен бір қызы бар екенін және әлі де қарым-қатынастары үзілмегенін жеткізді”, – дейді әйел.

Осылайша, Балжан қатты күйзеліске түсіп, күйеуімен ажырасуға бел буған.

https://kaz.365info.kz/keshir-meni-nuar-dosymny-jeli-z-zil-247750

Алайда оған әлі де көптеген адамдар хабарласып, интимді қызмет көрсетуін сұрайды.

Қазіргі таңда Балжан құқық қорғау органдарына арыз жазып, күйеуінің көңілдесі тиісті жазасын алады деп үміттенеді.

Дереккөз: NUR.KZ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз