Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жезөкше деді”. “Яндекс” такси жүргізушісі бойжеткенге ауыр сөздер айтып, шашын жұлған

112

Таксиге мінгеннен қыз бен такси жүргізушісінің арасында ұрыс басталған. Дананың айтуынша, Александр қызға небір балағат сөздер айтып, оны ақымаққа теңеген. Тіпті, қызды «зорлаймын» деп қорқытып, көліктен түсіп кетуін бұйырыпты.
Басқа таксиге отырып жатқанда Яндекс жүргізушісі Дананың шашын жұлып, көзілдірігін сыныдырып тастапты. Сол мезетте біршама халық жиналғанымен, ешкім ешқандай шара қолданбаған екен.

 

“Мен көліктен түсіп, оған айғайлай бастадым. Ал ол менің бетімнен ұруға тырысып, “жөзекше” деп атады”,- дейді Алматы тұрғыны.

Бұл оқиғадан соң Дана бірден полицияға жүгініпті. Ал Яндекс қосымшасында оған кез келген уақытта “Везунчик” таксопаркіне хабарласуына болатынын айтқан екен.
Ал болған жағдайға қатысыты Яндекс қосымшасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшілеріне түсініктеме берді.

“Бұл жағдайды ести салып, ол қызметкерді жүйеден өшірдік. Ал Данамен және таксопаркпен хабарласып, кездесетін уақытты белгіледік. Біз Данадан қызметкердің әрекеті үшін кешірім сұраймыз және оған алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта біз қызметкерлердің әдебіне байланысты қосымша тексеріс жүргіземіз. Ал осындай келеңсіздікке ұшыраған кез келген азаматқа жүргізушіні төмен бағалауды немесе біздің қолдау қызметіне хабарласуын өтінеміз”-деді Яндекс баспасөз қызметі.

Алматы қаласының ішкі істер Департаменті жағдайды кейінірек түсіндіретінін айтты.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз