Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жезөкше болдым”. Жігіті сатып жіберген бойжеткен құлдықтағы өмірін баяндап берді (видео)

300

27 жастағы Виктория Алматыдан. Шымкентте туған-туыстары бар екен, бірақ бірнеше ай бойына қанша рет оларға хабарласуға ұмтылғанымен, онысынан түк шықпаған. Танысқан жігіті жеңгетай болып шығады деген Викторияның өңі түгілі түсіне де кірмепті деп хабарлады Отырар телеарнасы.

Сөйлесіп жүргендеріне 10 күн болғанда Викторияны жігіті алдап Алматыдан алып шығады, содан соң сатып жібереді. Тұтқынға түскенде жеңгетай жігіт Викторияны аямаған, аш ұстап, түгін қоймай сабаған.

«Ол қолын көтерді, күннен күнге үдете берді. „Жұмыс істейсің бе деймін, әйтпесе нашақорларға сатып жіберем, олар сені инеге отырғызады, сөйтіп бір Роллтонмен ғана тамақтандырып, 24 сағат жұмысқа жегеді, қамауда ұстап, ойларына келгенін істейді„ деді. Әрине, мен шошып кеттім. Қашу мүмкін болмады», — деп еске алады қорқынышты күндерін Виктория.

Қорқытып-үркітуден өткен соң Виктория интим қызмет көрсете бастаған. Бірақ құлдық көпке созылмаған. Оны клиенттің бірі құтқарып қалады.

Қыздың жылап айтқан оқиғасынан жаны түршіккен ер-азамат полицияға хабар беріпті. Ертеңінде полиция жезөкшелер ордасын бір-ақ төңкереді.

«Бір клиентті алып келді, жас жігіт, Миша деген. Ол менің түрімді көріп, қорқып кетті. Көзім қып-қызыл, денемнің кейбір жерінде жарақаттар бар. Содан „не болды, менің көмегім керек пе„ деп сұрады. Бірақ бірден тілдесе кетуге қатты қорықтым, мүмкін өз адамдары шығар. Бірақ жарты сағаттан соң тағы да халімді сұрады. Көрініп тұр, жақсы адам екені. Содан басымнан өткеннің бәрін айтып бердім. Ол жағасын ұстады», — дейді қыз.

Шымкенттің сексуальдық құлдықта болғандарды қабылдайтын орында Викториядан бөлек 36 жастағы Бота деген келіншек те бар екен. Ол Ленгірден болып шықты. Мектеп бітірген соң жоғарғы базарда ол әктас сатқан. Бір күні оған бір әйел жолығып, жақсы жалақысы бар жұмыс барын айтқан. Сөйтіп Ботамен бірнеше қызды Мәскеуге жібереді. Құжаттары мен телефондарын әлгі әйел алып қалған.

«Бізді пойызға құжаттарсыз отырғызды. Бәріміз 18-19 жастағы қызбыз. Біз Мәскеуге барғанда, онда оның күйеуі қарсы алды. Біз дүкенде жұмыс істейтін болдық… тіпті, ондағы өмірімді еске де алғым келмейді (жылайды). Одан соң біз қашып шыға алдық. Ол жақтан қайтып келгеніме 20 жылдай болып қалды. Олар жазасын алса деймін. Қазір қызым үшін ғана өмір сүріп жүрмін. Ол 5 жаста. Өзіміз үйдің кезегіне тұрғанбыз, соны күтіп жүрмін

Бүгіндері Шымкенттегі қорғансыз жандарға арналған мекенде өз еркінен тыс сексуальдық құлдыққа салынған 9 әйел мен 4 бала тұрып жатыр.

Мұнда олар 6 ай ғана бола алады. Егер қылмыстық іс осы кезге дейін аяқталмаса, онда олардың тұру мерзімі ұзартылады екен.

Раушан Құдайшүкірова, Шымкенттегі сексуальдық құлдықта болғандарды қабылдау орынының директоры:

«Бізде 8 адам жұмыс істейді. Заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер. Тәулік бойына жұмыс істейміз. Әрине, бізде болған жандармен байланысымзды үзбейміз. Олардың барлық мәліметі бізде бар. Көбіне жұмысқа орналастыруға тырысамыз

Астана, Алматы және Қостанайдағы секілді Шымкентте де сексуальдық құлдықтағы адамдарды қабылдайтын орынның ашылғанына бір ай болды. Ол бюджеттің ақшасына жұмыс істейді. Одан бөлек „Сана сезім„ үкіметтік емес ұйымы да көмектесіп отырады. Онда тек Қазақстан азаматтары ғана қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз