Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жезқазғанда жантүршігерлік жол апатынан анасы мен қызы қайтыс болды

«Сәтбаев қаласынан төрт шақырым қашықтықта үш автокөліктің қатысумен жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына Сәтбаев қаласынан 2 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Жол көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болып, 6 адам зардап шекті. Дене жарақатын алғандар – Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары. Олар осы екі қаланың ауруxаналарына жеткізілді», – дейді Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі Қуат Хайдаров.

Апаттан 35 жастағы әйел мен 9 жастағы қызы қаза тапты. Қаза болған әйелдің 3 жастағы баласы ауыр xалде ауруxанаға жеткізілген.

«Қайтыс болған 1983 жылы туылған әйел мен оның 2009 жылы туылған қызы – Сәтбаев қаласының тұрғындары. Қаза болған әйелдің 2015 жылы туылған баласының бас-сүйегіне зақым келген және жамбас сүйегі сынған. Баланың жағдайы ауыр. Қалған зардап шеккендердің жағдайы аздап жеңілдеу», – деді Хайдаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз