Кінәсін мойындап, қамаудан құтылды. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев құжатқа құр қол қойып беру үшін кәсіпкерден 550 мың теңге пара алған. Онысын толық мойындауына байланысты қамауға алынбапты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Орынбаев жарты миллион теңгені Жезқазғандағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып бергені үшін алыпты. Оған қоса, «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттың уақытылы төленіп тұруын қамтамасыз етуі тиіс болған. Шенеунік осы әрекеті үшін тергеу изоляторына қамалуы керек еді.