Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сәбиін қоқысқа тастаған бойжеткен нәрестесін қайтарып алғысы келетінін айтты

122

Аталған кодекстің 44-бабының талабына сәйкес, бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді, – деп хабарлады Қазақпарат.

«Осы мерзім ішінде үкімнің орындалуын сотталушының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган қадағалайды, өз кезегінде, сотталушы тұрақты тұрғылықты жерін, оқуын ауыстырмау, ішімдік ішумен байланысты көңіл көтеретін жерлерге бармауға міндеттелсін», – деп атап өтілген үкімде.

Тергеу материлдары тіркелген қылмыстық іс мәліметтеріне қарағанда, Гүлжауһар Ғали 2015 жылдың мамыр айынан бастап Н. Сейтжан деген жігітпен көңіл қосып, содан аяғы ауыр болып қалады. Бірақ ол өз басына түскен бұл масқара жайтты қорыққанынан әке-шешесіне де, тіпті, жігіті Н. Сейтжанға да айтпаған.

Сөйтіп жүргенде, уақыт зыр етіп өте шығады. Биыл 17-мамырда сағат 13.40 минут шамасында ол өз үйінің ауласындағы дәретхана ішінде босанып қалған. Не істерін білмей қатты сасқан ол психикалық күйзеліске ұшырап, соның салдарынан, шала туған ер баласынан құтылу жолын қарастырады.

Осы мақсатпен, ол жаңа туған нәрестенің кіндігін қайшымен кесіп, оны полиэтиленнен жасалған пакеттің ішіне салып, оның аузын мықтап байлап, өзі тұратын Кеңгір елді-мекенінің Тимирязев көшесіндегі №18 үйдің маңайында орналасқан тұрмыстық қоқысқа арналған темір жәшіктің бетіне қойып кеткен.

Бірақ, көп ұзамай, аталған жәшіктің маңайындағы қоқысты жинауға келген көше тазалаушы Скрынникова жәшік ішінен шыққан баланың даусын естіп, пакетті ашып, шақалақты тауып алады. Ол бірден нәрестені ауылдағы дәрігерлік пунктке апарған. Оның артынан шақырылған «Жедел жәрдем» машинасы нәрестені емханаға жеткізіп, тиісті көмек көрсетіліп, бала аман қалған.

Басты сот талқылауында сұралған сотталушы Гүлжауһар Ғали өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жоғарыда келтірілген мән-жайға сәйкес келетін мазмұнда түсінік берді.

Сондай-ақ, ол осы істеген әрекетіне шынайы өкінетінін, осы оқиғадан кейін Н.Сейтжан екеуі некеге отырғанын, енді балаларын алып, өздерінің бағып-қағуға бел байлап отырғандарын айтты.

Куәгер ретінде сот мәжілісінде жауап берген Н. Сейтжан Гүлжауһар Ғалидың бұл жауабын толықтай растап, осы мазмұнда түсінік беріп, перзентін өздері асырағысы келетінін жеткізген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз