Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жетпіске келгенде қалай болады…”. Есімовтің енді қайда баратынын білесіз бе?

“Кіші Ермегияевтің неше жыл отырып шашып-төккен дүниесін реттеп, істемегенін істеп, жөнге келтірген азаматқа Елбасы да, ел де риза.

Елдің ықыласынан бұрын Елбасының ризашылығына бөленген адам ендігі қызмет бабымен өсуі керек.

Есімов те сөйтуі мүмкін”, – депті журналист.

Ыңғайсыздау ғой…

Сөй депті де Есімовтің осы күнге дейін қанша кресло босатқанын, қанша орынтақ жаңартқанын тізіп шығыпты.

Қараңыз:

  1. Ол – 1992 жылдан – Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.
  2. 1994 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
  3. 1996 жылы – ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.
  4. 1998 жылы – ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі.  ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елші.
  5. 2001 жылы – ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
  6. 2002 жылы – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі.
  7. 2004 жылы – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
  8. 2006 жылдың қаңтар айынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
  9. 2008 жылдан 2015-ке дейін  Алматы қаласының әкімі.

“Енді не қалды?”, – дейді бұл ретте Дәурен Қуат.

Үкімет басшысының орынтағы қалды. Алайда, Назарбаев биліктегі үшінші буынның өкілдерін ғана Үкімет басшылығы мен құрамынан көргісі келетінін байқатып жүр.

Өз қатары қалтылдап, қаусай бастады.

Олардың жұмыс стилі де, ойлау мүмкіндігі де ескі. Замананың жаңа талаптарына жауап бере алмайды.

Қанша жерден қайратты болғанымен, Есімов те ескі гвардияның мүшесі.

Бәрін былай дегенде, 40 пен 50-дің арасындағы қылшылдаған жігіттерден құрылған Үкімет басшыларының халықаралық жиынына жетпістегі Есімовті жіберіп қойып, қарап отырудың өзі ыңғайсыздау ғой. Жоқ, уақыт өтіп кетті”, – дейді журналист .

Ахаң ат ізін салмаған қызмет…

Жарайды, Үкімет тізгінін қолға алуы екіталай екен, енді қайда барады Есімов? Автор бұл ретте мынадай батыл болжам айтыпты.

“Есімовтің ат ізін салмаған мемлекеттік қызметтегі саласы – Мәжіліс. Турасы төрағалық ету.  Ахаң салып ұрып Мәжілістің төрінен бір-ақ шығуы мүмкін. Мәжіліс төрағасы – Конституция бойынша үшінші адам.

Бірақ, бұл жерде де бір кәкір бар. Президент, Сенат төрағасы, Мәжіліс төрағасы, қазақша белден басып айтқанда, бір аймақтан болмауы керек.

Ендеше, әзірге Есімовке спикерліктің ауылы алыс”, – деп топшылапты Дәурен Қуат.

Шөкеев?..

https://kaz.365info.kz/sh-keevti-chistyj-shalakazahskii-245152
Иә, бәлкім, Шөкеевтің орнын басатын шығар. Шөкеев әзір «Самұрық-Қазынаны» билеп-төстеп отыр. Автор, әлбетте, байлам жасамайды, жорамалдайды.

“Өмірзақ Шөкеевтің Алматы қаласына әкім болып тағайындалуы мүмкін дейтін ұзынқұлақтың әңгімесіне ден қойсақ,

қордың басшылығы Ахметжан ағаға бұйырса – бұйырып та қалатын шығар…” дейді ол.

Бірақ, бұл да белгісіз. Шөкеевтің бүгін-ертең Байбектің орнына келер-келмесі белгісіз. Ендеше, Есімов не істейді? Қайда барады?

Ең соңғысы

https://kaz.365info.kz/bajdyn-khyzdary-goj-esimov-pen-sagyntaevtyn-khyzdary-khalaj-konil-koteredi-foto-270313
Дәурен Қуаттың айтуынша, Есімов ЭКСПО төрағасы қызметінде қала беруі мүмкін. Неге? Іс жүзінде ЭКСПО біткен жоқ, себебі. Көрменің таңдап алған тақырыбы бүгін болмаса да, ертеңгі күні өзекті болады. Сол себепті біткен жоқ. ЭКСПО кезінде басталған жұмысты қайта жалғастыру керек. Дәурен Қуат та солай дейді.

“Жұрт «Жасыл экономиканың» жағында, дүниенің жұрты қазір баламалы қуат көзін іздеп жанталасуда. Мұнай, газ, уран, көмір қоры мол болғанымен Қазақстан да қадір-қалінше Күннен, желден электр қуатын өндіріп, «жасыл экономиканың» жайнаған бағында отыруды қалайды.

Демек, «жасыл экономика» тақырыбымен халықаралық көрме өткізген Қазақстан бұл істі әрі қарай жандандыра түсуі керек.

Көрменің жүздеген, мыңдаған туристерді қабылдай алған ғимараттары мен айналасы ат шаптыруға болатын аумағын ғылыми ізденістердің шеберханасы мен зертханасына айналдыруға әбден болады”, – дейді ол.

Дұрыс айтады. Бұл да айналып келгенде Есімовтің ептілігіне байланысты. Солай.

Дегенмен, “Есімов енді қайда барады?” сауалдың басы әлі де ашық.
https://kaz.365info.kz/esimov-nege-s-jkimsiz-nemese-bolasha-t-lekteri-bilikte-ne-tyndyrdy-211024

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз