Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Жетісу облысында аттың жалына байлап өлтірген әйел ісі: туыстары жаңа деректерді жария етті

Айзаттың туыстары ер адамның ауыр қылмысын жасыруға тырысқанын айтып отыр. Күдікті әйелі екінші қабаттан құлап кетті деп ақталуда. Ал марқұмның анасы қызының көзі тірісінде күйеуінен жәбір көргенін ешкімге айтпағанын қынжыла жеткізді.

Қайғылы оқиғаға куә болған 2 жасар бала ауыр психологиялық соққы алған, қазір сөйлемей қалған, қараңғыдан қорқады, анасын іздейді.

Қазіргі кезде іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне соқтыру» бойынша тергеліп жатыр. Алайда марқұмның туыстары бұл бапты «Ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру» деп өзгертуді талап етеді.

Облыстық полиция оқиғаның барлық жай-жапсары жан-жақты тексеріліп жатқанын хабарлады. Дәлелдер жиналып, сараптамалар жүргізілуде. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапқа тартылатыны айтылды.

Айзаттың артында екі жасар қызы қалды. Күдікті бұрын Қапал ауылының әкімдігіне сайлауға түспек болғаны да белгілі болды. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізіліп, қылмыскердің тиісті жазасын алуын талап етуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз