Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Жеті шелпек пісірмейсің”. Жат ағымның ұлттық наным-сенімге неге жаны қас?

166

Құқық саласының бұл арада қандай қатысы бар деулеріңіз мүмкін. Алайда олар жат діни ағымның жетегінде кеткендердің ұлттық дәстүрден мақрұм, сондықтан олардың арасында ата-баба салтын оп-оңай жоққа шығаратындар баршылық екенін анықтаған.

Бұл мәселе кезінде Мәжіліс қабырғасында да көтерілгенін білеміз. Әсіресе, жеке тұлғалар мен оның отбасындағы қайшылық отбасы мүшесінің дүниеден қайтқан кезінде орын алады. Сол секілді үйінде жеті шелпек пісіртпейтін, баласын ұшықтап, аластатпайтын отағасылар шығып жатыр. Сырттан қарағанда отбасы, ошақ қасы сынды ұсақ-түйек әңгіме болып көрінгенімен, оның бүтін бір шаңырақтың шайқалуына, бірнеше адамның тағдарының бүлінуіне әкеліп соғып жатқан жайы бар. Әсіресе, Батыс Қазақстанда жағдай ушыққан. Ал шығысқазақстандықтардың бұл реттегі тапқан амалы – жаңа пән енгізу. Ол өз-өзін ақтай ала ма? Енді ол жағы тәжірибеде сынап көрілмек.

Өңір бойынша 409 баламен жасалған сауалнама нәтижесі оқушылардың дені ұлттық құндылықтардан бейхабар екенін көрсеткен. Ұзақ талқыланып, талдаудан өткен жобаны құптаушылар көп. Оқу жылының соңына дейін Өскемен, Семей, Ұлан және Глубокое аудандарындағы 9 мектептің 5-сынып оқушылары аталған пәнді оқи бастады. Әзірге екі арнайы бағдарлама дайындалған. Тиімділігін ақтағаны жаңа оқу жылынан бастап, жүйелі кәдеге асырылады.

Айжан Садықова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Министрліктен де бұл курсты жетілдіру бойынша ұсыныс келіп түсті. Сол екі авторлық топтың курстары мектептерде жүргізілуде. Бұл курсты жүргізуге біздің мұғалімдер алдын ала дайындалған.

Мақсат Медіғатов, облыстық прокуратураның бөлім басшысы:

– Біздің өз тәжірибемізде кездескендей басқа жат ағымдарға неге бас ұрады? Олар өз дәстүрін құрметтемеуі салдарынан жетік білмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз