Мексика боксшысы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) қарымта кездесуді жоспарлап жүр.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Десе де «Канелоның» командасы реванш өткізу орнын әлі анықтамаған екен. Қарымта кездесу орындары ретінде Нью-Йорк, Даллас және Лас-Вегас қалалары қарастырылуда.
«Әзірге жекпе-жектің қай қалада өтетіндігін білмеймін. Алайда мамыр айында өтетіні айқын», – деп жауа берді «Канело» тілшілердің сауалына.
Дереккөз: Stan.kz