Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев аталған топтың жиынында айтылған пікірлермен бөлісті.
Сонымен қатар жұмыс тобының жетекшісі екінші ұстанымын жария етті.
«Жерін сатып алғаннан кейін, белгілеген мерзім ішінде қайта сатуға немесе жалға беруге шектеу енгізу. Бұндай тұрғыдан қарау әлемдік тәжірибеде де көп таралған. Ал үшінші ұстанымға тоқталатын болсақ, жерді жалға алу кезінде өтініш білдірген жергілікті ауыл тұрғындарына басымдық беру мүмкіндігін белгілеу. Мұндай шаралар дамыған елдерде кеңінен қолданылады, ал біз үшін халықтың ауылдық жерде тұрақтануына септігін тигізеді. Жалпы, бұлардың барлығы жұмыс тобында айтылған пікірлер»,-деді А. Күрішбаев.