Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жерді шетелдіктерге сату керек” – экономист

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, ауыл шаруашылығы үшін бөлінген жердің жалпы аумағы 100 млн гектарға жуық, бірақ

сол жерлердің 1,5 пайызға да жетпейтін бөлігі жекеменшіктің қолында,

қалғаны ұзақ мерзімге жалға алу құқығымен пайдаланылуда. Шетелдіктер 65 мың гектар жерді жалдап отыр, оның 45 мың гектарын бірлескен кәсіпорындар жалға алған.

Экономист Алмас Чукин былай дейді: Жекеменшік құқығы – банктерден қаражат алуға мүмкіндік береді. Мұндай бизнесті қаржыландыру үшін банкке де кепіл керек.

Жер – шаруа үшін де, банк үшін де негізгі кепіл болып табылады

Егер жер еркін сатылатын актив болса, банктер оны несие беретін кепіл ретінде қуана қабылдар еді. Ақшасы қайтпаған жағдайда банктер жерді кепіл ретінде сатып жіберер еді. Бірақ бізде ондай тәжірибе жоқ, сондықтан ауыл шаруашылығына қаражат құйылмай отыр.

Жер көп, жұмыс істейтін адам жоқ

Чукин шетелдік инвесторлардан қорықпау керек дейді. Оларға жерді жалға беріп қана қоймай, жекеменшікке де бере салу керек екен.

Бізде жер деген жетеді. Бірақ халық аз2 млн шаршы шақырымға 17 адам. Оның үстіне,

ауыл тұрғындары жетіспей жатыр, жерде жұмыс істейтін адам жоқ

Қытайдан ғана емес, бәрінен қорқамыз. Бірде бізге ірі астық өндіру шаруашылығын ашамыз деп шведтер келген, ит қосып қуып шықтық. Бұл мәселе негізі оңай шешіледі. Алдымен 100 мың шаршы шақырым жерді шетелдіктерге жекеменшікке беріп көрсек қайтеді, одан не шығатынын көрер едік, дейді Алмас Чукин.

Қытайдан қорқу керек

Бірақ Мағбат Спанов деген тағы бір экономист мұны қолдамайды.

Жұрт не десе де, Қытайдан қауіптену керек, — дейді ол. Қазір Қытайда азық-түлікке зәру, оларда ақша көп. Оның үстіне, көптеген Қытай оқулықтарында Жетісу өңірінің картасы Қытайдың жері деп көрсетілетінін ұмытпау керек.

Қазақстанда жер нарығы деген атымен жоқ, әрі жермен жұмыс істеу үшін қазақтардың қолында қаражат жоқ. Әзірге жер тым арзан, шетелдіктер баса-көктеп бүкіл жерімізді сатып алуы мүмкін, әрі олар ол жерде жұмыс істейді деп ешкім кепіл бермес. Олар жерді сатып алып, онда түк істемей, бағасы көтерілген сәтті күтіп, қайта сатып жіберуі мүмкін. Одан Қазақстанның мүдделері зардап шегеді.

Сондай-ақ, бұл экономист ірі жер монополистері, латифундистердің пайда болуына жол беруге болмайды дейді.

Бірақ Алмас Чукин керісінше, латифундия пайдалы дейді, өйткені ірі шаруашылықтар ауыл шаруашылығын индустрияландыруға жол ашады.

Қазір бір комбайн 200 мың доллар тұрады, әрі ол үлкен егістіктерде астық орады. Шағын шаруашылықтар комбайнның құнын ақтай алмайды, — дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз