Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жерде жатыр екен”. Марихуанамен ұсталған Мақсат Үсенов сотта елді күлкіге қарық қылды

Соттағылардың айтуынша, Мақсат Үсенов биыл тамыз айының соңында Жандосов көшесінің бойындағы мейрамханада түскі ас ішкеннен кейін серуендеп қайтуды ұйғарғанын айтты. Әуезовпен қиылысқан тұста ол сіріңке қорабын тауып алған-мыс. Ол сіріңке қорапшасын тепкен, ішінен жасыл түсті шөп қурандысы шашылған. Оны қалтасына салып кете барған.

Компьютерлік клубқа барғаннан кейін ол қорапшаны есіне түсіріп, “дымды да түсінбестен” далаға шығып, “марихуананы орап, шегіп көрген”.

https://kaz.365info.kz/bygan-ozi-zhaza-zhokh-pa-baj-balasy-makhsat-ysenov-tagy-bylik-shygardy-video-264957

Сотталушы Мақсат Үсеновтің айтуынша, ол есірткіні өмірінде тұңғыш рет қолданып көрген. Бұдан кейін ол ешқашан мұнысын қайталамайтынын айтқан. Ал Үсеновті “ерекше иісі бар жасыл түсті затпен” ұстап алған полицейлер оны медициналық куәландыруға жөнелткен. Сараптамадан Үсеновтің есірткіге мас болып қалғаны анықталған. Сондай-ақ, зерттеуге берілген қорапша ішіндегі зат марихуана болып шыққан және оның салмағы 2,26 грамм болған.

“Сот Мақсат Қажымұратұлы Үсеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстық іс жасады деп танып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды (453 800 теңге)”, – делінген Алмалы аудандық сотының үкімінде.

https://kaz.365info.kz/zhazadan-zhaltaryp-kete-beretin-dokej-balasy-makhsat-ysenov-akhyry-sottaldy-267357

Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен жүйіткіп келіп, жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан жас жігіт қайтыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғағанымен, тараптардың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды.

Бұл мақала ВК желісіндегі „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз