Америкалық Майк Хьюз Жердің тегіс екенін дәлелдеу үшін ғарышқа ұшпақ.
Қолдан жасалған ракетамен 25- қараша күні ұшады деп жоспарлап отыр. 61 жастағы америкалық, расымен де, NASA ғалымдарымен дәлелденген тұжырымға сенбейді. Оның ойынша, мемлекет басшылары осы “шындықты” халықтан жасырып отыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын америкалық зейнеткер өзінің жасаған ғарыш кемесімен ғарышқа ұшпақ болған. Алайда, ракета істен шыққандықтан бірнеше метрге ғана ұшып, соңында жарақаттар алған.
Айта кетейік, бұған дейін де кей танымал жұлдыздар жердің домалақ екеніне сенбейтіндерін жеткізді. “Ғарыштан түсірілген суреттердің барлығы- мистика”,- дейді олар.
Ақпарат көзі: Vistanews.ru