Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Жеп отырған”. Ақбота Сейітмағамбет Баяннан қаламақы алмағандығын айтты

https://kaz.365info.kz/adam-emes-zhyn-bayan-makhsatkhyzy-ystel-ystinde-biledi-video-294058

“Мен «Гламур для дур» фильмінен гонорар алған жоқпын. Өйткені, продюсерім Баян Мақсатқызымен өздерінің келісімшарттары болған”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Бұл ақпараттың ақиқатын білмекке картина режиссерін сөзге тарттық. Асқар Ұзабаевтың айтуынша, Ақботаның қаламақасы продюсеріне беріліпті.

“Ақботаның гонорары жайлы айтатын болсам, біздің Баянмен арамызда ғана өзара келісімшарт болды. Себебі, сол сәтте ол «Кешьюдің» құрамында ән салған болатын. Тіпті, Ақботамен қаржы жайлы сөйлескен де жоқпыз”, – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.

https://kaz.365info.kz/kyl-talkhanyn-shygardy-ajkhynnyn-prodyuseri-bayanmen-tiresip-khapty-293580

Сейітмағамбет болса алғашқы образымен-ақ, халықаралық байқауда топ жарып үлгерді. Мәселен, ол Ресейдің «Улыбнись Россия» атты кинофестивалінде, «Гламур для дур» комедиясындағы Ұлжан рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алған-ды! Дегенмен, арада бірнеше айдың жүзі өтсе де, аталмыш марапат әлі күнге дейін Ақботаның қолына тимепті.

«Үздік актриса» аталымына арналған сыйлық Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде жатыр. Жақын арада жібереміз деп уәде берген болатын. Бірақ әлі күнге дейін хабар жоқ! Келген бойда бірден Ақботаға табыстаймыз”, – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз