Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Жеңіс Қасымбек 7 пайыздық жаңа ипотеканың іске асыру механизмі қашан дайын болатынын айтты

Оның сөзінше, жекеменшік банктерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі немесе жаңа ипотекалық компания шарттары бойынша жұмыс істеуге міндеттеу мүмкін емес.

“Жаңа компания жұмыс істейтін шарттар, кеше елбасы айтқандай, 7 пайыз. Алғашқы жарна 20 пайыз және кредит мерзімі 25 жыл. Әрине бүгінгі күнмен салыстырғанда ТҮҚЖБ-ның өзінде бастапқы жарна 30-дан 50 пайызға дейін. Бұл азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде үлкен серпін болмақ, өйткені, 7 пайыз қазіргі нарықтағыдан екі есе төмен. Жекеменшік банктерде 30, 50 пайызға дейін барады, ал мұнда тек 20 пайыз”, – деп жалғастырды министр.

Министрдің пікірінше, Елбасының бастамасы ипотекалық кредит беру нарығын, құрылыс саласын және құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға ықпал етеді.

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – еліміздегі ипотеканың шамамен үштен екісі. Нарықта тағы бір компанияның пайда болуы бәсекелестікті арттырады. Мұнда қалың кезектер болатынын түсінеміз. Кеше Елбасы нақты соманы белгіледі – үш триллион теңге. Бұл қаржы жеткілікті деп есептеймін”, – деп аяқтады министр.

 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік үшін баспана ипотекасын қолжетімді ететін жаңа “7-20-25” бағдарламасын ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз