Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында медальдар есебі бойынша үшінші орын алды

Ел қоржынына төртінші алтынды ұзындыққа секіруден Мария Овчинникова салды. Алғашқы жарысында 13 метр 72 сантиметрге секіріп, ол құрлықтың үздігі болуымен қатар Лондондағы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Осы жарыс түрінен Ирина Эктова күміс медальға қол жеткізді. Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден екінші, ал 200 метрге жүгіруден үшінші болып келді. Қазақстан қоржынын ядро лақтырудан Иван Иванов тағы бір қоламен толықтырды. Осылайша, Қазақстан Үндістан мен Қытайдан кейін үшінші орында. Бұл жарысқа жалпы 43 елдің спортшылары қатысқанын айта кету керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз