Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

“Жеңетіндей кім олар?..”. Төреғали отандық байқауды быт-шыт қып сынап тастады

189

Сөйтіп сол байқауға қатысқан айтыскер ақын Дидар Қамиевті түйреп аламын деп өлең арнаған Төреғали Төрәлі бұл арадағы біраз былықтың бетін ашыпты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

Айта кетелік, «Жыл таңдауы-2017» байқауына қатысатындар қатарында 91 тобы болғандықтан, Төреғали Төреәлі оған қатысудан бас тартқан.

Өз жазбасында Төреғали Төрәлі байқауда Айнұр Тұрсынбаевамен айтысқа түсіп, жеңіліс тапқан Дидар Қамиевке өлең жолдарын арнады:

«Бәйгені бермей жүйрік-тұлпарларға,

Жүлдені бермей қыран-сұңқарларға.

Кешегі кешті жасап жүргендердің

Қулығымен болады түлкі алдауға.

Дидарым, сен xалықтың таңдауысың

Басқаларын білмеймін кім таңдауда?

Асылым-ау, ғасырдың таңдауы ең ғой

Жылтыңдап нәғып жүрсің жыл таңдауда?!», – деп жазды әнші.

https://kaz.365info.kz/shydap-zhyrdim-erke-esmahan-algash-ret-toregalimen-bolgan-zhanzhal-turaly-ashykh-ajtty-290067

Өз кезегінде әншінің желідегі оқырмандары да байқаудың әділетсіздігін айтып жатты. Тіпті, айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны сынағандар да табылды.

«Айнұр Тұрсынбаеваның дәурені өтті. Неге ол жүлдені ала береді?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

https://kaz.365info.kz/auyr-sozderge-kharamastan-toregalidin-tojyn-yjymdastyrgan-zhigit-agynan-zharyldy-285730

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз