Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Жемқорлықты жеңе ала ма?». Қазақстанда «техосмотрдан» өту тәртібі өзгерді

145

Диагностикалық стендтердің көрсеткіштерін дерек базасына жіберу жүйесіне өзгеріс еніпті. Операторлар енді бұл іске баяғыдай араласа алмайды.

– Бұрын техникалық тексеру орталықтары кез-келген компьютерлік бағдарламаларды пайдаланылып келген. Бастысы – стендтерден түскен деректер міндетті техникалық байқаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесіне жетсе болды.

Бірақ операторлар сол деректерді өз бетінше өзгертіп, жүруге жарамсыз автокөліктерді «жарамды» ете беретін.

Осылайша жемқорлардың айы оңынан туып, оларға көл-көсір ақшаға кенелді. Ал Қазақстан жолдарында апатты жағдайдағы көліктер емін-еркін жүре берген, – деді ҚР Инвестиция және даму министрлігі Көлік комитетінің автокөлікті бақылау басқармасының өкілдері.

Техникалық байқау орталықтарында деректерді өзгертуге мүмкіндік бермейтін алты бағдармала бар екен: 4 ресейлік және 2 қазақстандық. Енді операторлар тек сол бағдарламаларды ғана пайдалануы тиіс.

Өзге бағдарлама пайдаланғандарға ірі айыппұл салынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз