Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жемқорлардан алынған қаражатқа 72 жаңа мектеп салынады

Үкімет сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен қаражатты мектеп құрылысына беру тетігін бекітті. Қаулыға  премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті.  Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге – 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның, оның ішінде 1400 орынға арналған екі ауысымды 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат құрылысын аяқтауға бағытталады.

“Осылайша, бұл механизм үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады”, – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз