Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жемқорлыққа қарсы бастаманы Астана өңірлік хабы қолдайды

133

Олар осы мемлекеттер үкіметтерінің сыбайлас жемқорлық факторлары мен үдерістеріне тиімді жауап беруге әсер ететін ақпараттар пен ноу-хау алмасып, бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтиды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов Хабтың осы аймақаралық бастамаларға қолдау білдіретінін, олардың ұйымға қатысушы-елдердің мемлекеттік қызметін жетілдірудегі маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Хаб өкілдері Бірінші өңірлік ынтымақтастық форумына және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновациялар бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Алихан Байменов өз сөзінде «әріптестік пен өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық  кез- келген реформаның табысты әрі тұрақты өтуіндегі шешуші факторлардың бірі. Астана өңірлік хабы құрылған күннен бастап қатысушы-елдер арасында білім мен тәжірибенің еркін әрі ашық түрде алмасуын қолдап келеді».
Сондай-ақ, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының  Уәкілі Хорхе Чедиек және БҰҰ Даму Бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық директорының орынбасары Адам Оливермен кездесті. БҰҰ өкілдері Қазақстанның Өңірлік хаб қызметі арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі мен көшбасшылығына жоғары баға берді. Хаб жұмысына 36 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және АСЕАН елдері қатысады.
«Айқынның» АНЫҚТАМАСЫ: Астана өңірлік хабы аймақтағы елдердің мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен институционалдық негіз ретінде құрылған. Хаб жұмысына 2016 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі комитетінің 19-шы сессиясында жоғары баға беріліп, Хаб моделін көпжақты әріптестікті дамытудың табысты үлгісі ретінде әлемнің барлық аймақтарында тарату жөнінде арнайы шешім қабылданды. 2014 жылы, Хабқа Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық бойынша БҰҰ Басқармасының сыйлығы берілді. Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы әлемнің дамушы елдері арасындағы өзара қарым-қатынас пен ресурстар, технологиялар және білім алмасуды білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз