Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
15
USD
511
+4.37
EUR
572
+3.38
RUB
6.34
+0.04

Желтоқсанда Қазақстанда қосымша пойыздар жүреді

161

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:

Алматы-2 – Шымкент  – ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын  2 рейс.

Астана-1 – Павлодар  – ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.

Астана-1 – Алматы-1  – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.

Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:

ҚР Тұңғыш Президенті күніне – 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)

ҚР Тәуелсіздік күні – 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)

Жаңа жыл мерекесіне – 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан – 3 қаңтар аралығында)

Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз