Биыл қыркүйекте Путин биліктен кетеді деген экономист болжамындағы мерзімді тағы жарты жылға ұзартты. Оның пайымынша, РФ президенті енді жарты жылдан соң биліктен кетуі ықтимал.
“2014 жылдың қыркүйегінде 2 жылдың ішінде Путинді біреу өлтіріп кетеді немесе көтеріліс болып, ол биліктен кетеді” деп жазып едім. Ол болжамдағы мерзімге аз қалды. Шыдамсыз кейбіреулер маған чатқа шығып: “Сіз қателескен секілдісіз” деп болжамымды жоққа шығарып, бетіме басып жатыр. Бұл ретте үнсіз қалуды жөн көрмедім.
Жолдастар, мен болжамымды экономикалық көрсеткішке сүйеніп жасадым. Мен Ресей экономикасы шыңырауға батып, халық қиналады. Мұндайда олигархтар мен генералдар, не болмаса орыс халқының өзі-ақ көшбасшысын тықсыра салады деп санадым.
Енді, міне баспасөздегі тақырыптарға қараңыздар:
Ресей экономикасы бұдан әрі де құлдырай береді, олигархтар да миллиардтарын жоғалтып, бірінен соң бірі Форбс тізімінен шығып отырады.
Ақыры олар қасқа бастың керегі жоқ деп шешеді. Не болмаса, Ресей ары қарай тағы құлдырай береді.
Бұл қыркүйекте бола ма, әлде одан да жарты жыл кейінірек бола ма, білмеймін.
Бірақ желтоқсанға қарай Ресей экономикасы қатты “комаға” түседі.
Сондықтан Путин қазан айында билікте әлі отыратын болса, онда мен экономикалық тұрғыда емес, “путинтану” саласында қате болжам жасағанымды мойындаймын”, дейді экономист.