1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына қатысып, сол күнгі қиямет күнді, ұлттың азаттығы үшін мехнат шеккен жандар өз ойларымен бөлісті.
Олар Геннадий Колбиннің бірінші хатшы болып келуіне студенттер мен жас жұмысшылардың наразылығы бейбітті шерумен басталып, соңы милициялар мен студенттер арасындағы қатаң қақтығысқа ұласқан тартыс үш күн жалғасқанын айтады деп жазады Voxpopuli.kz.
Толқулардан кейін бірнеше күннен соң газеттерде:”…ұлтшылдыққа азғырылған студенттер тобы қоғамдық тәртіпті дөрекі бұзған болатын, өрт ұйымдастырып, бүлік шығарып, бейкүнә адамдарды соққыға жықты. Мұның барлығы қазақтардың ұлттық намысы қысымға түскенін қорғау барысындағы ұрандармен жанамаланғандай болды..” (“Жағдайымыз мүшкіл”, “Кешкі Алма-Аты” газеті, 27.12.1986)
“..Көпшілігі мас және есірткінің әсерінде жүрген бұзақылардың қандай құқықтары болды….” (“Жағдайымыз мүшкіл”, “Кешкі Алма-Аты” газеті, 27.12.1986)
“Құзыретті органдар тәртіпсіздікті бастаушылар, бұзақылар жөнінде тергеулер жүргізуде…” (“КОКП Политбюро” айдары, “Қазақстандық шындық” газеті, 27.12.1986)
“Ұлттық бағытталған элементтердің қозғалысы Алма-Атыда еңбек етіп жатқандардың арасынан заңды қарсылық шақыруда. Қала мен аудандардың саясаттық және комсомолдық белсенділері, еңбек ұжымдары, ауқымды қоғам оқығандар тобының дәйексіз қозғалыстарын мінеп-сынап, кеңес және саяси органдар жүргізген барлық шараларға қатысқан болатын (“Алаңда бөтендер”, “Алатау алаулары” газеті, 26.12.1986)
– Сол кездері газетте жазғанның барлығы ғайбат, – дейді Құрманғазы Рахметов. – Біздің арамызда нашақорлар, мастар, ұлтшылдыққа бағытталған адамдар болмады. Ереуілде біз басшылардан, бірінші хатшының постына шет жақтан, біздің елді, не оның мәселелерін білмейтін адамды неліктен алғандығы жайлы түсініктеме алғымыз келді. Бірақ бізді ешкім естімеді, алайда қатаң жазаға тартқан болатын.
-16 жасымда Алматы экспериментті интернат-мектепті алтын медальмен бітірген болатынмын. Орыс тілімен қиындықтар болды, онсыз мен тек техникалық факльтетке сүйене алатын едім, сондықтан әскерге, тілді үйренемін деп кеткен болатынмын. 1986 жылы оралып, бір емтихан тапсырдым және автоматты түрде ҚазҰУ-не арнайы физика бөлімге түскен болатынмын. Сабақ ағылшын тілінде өтті, сондықтан қосымша сабақ алуға тура келді. Жақсы үлгерімім үшін мені бірінші курс студенттерінің арасында комсорг етіп тағайындаған болатын.
Бірінші рет алаңға қызыққұмарлығым үшін бардым, бұл 17 желтоқсан күні болатын.
Студенттер трибунаға Қонаевтың шығуын талап еткен болатын. Егер сол кезде ол шыққанда, бәрі басқаша болар ма еді. ОК ғимаратына делегация жіберді, бірақ барғандар қайтып оралмады. Олардың арасында сәбиі бар ана болды, олар неге душар болғанын кім білсін. Мұның барлығы жиынды ызаландырды, сарбаздар мен студенттер арасында жанжал туындады.
Алаңда және қала көшелерінде әділетсіздікті көре, мен ойлана бастадым: “Неліктен өз елімде тұра, қорлануға душар боламын? Неліктен менің туған тілім өзінің елінен қуданалуда?” Бір күннен соң 19 желтоқсан күні біз институттан қазақ тілінде “Лениндік ұлттық саясат жасасын!” атты ұранымен шыққан едік
Бірақ алаңға сол күйі жете алмадық, жолда бізді полиция ұстаған болатын. Барлығын автобусқа кіргізді, ал мен қашып кеттім. Бірнеше күннен кейін менің артымнан келді, алда күтіп тұрғанды мен мүлде ойламаппын. Ереуілге қатысқаным үшін мені комсомолдан шығарып, 7 жылға қамаған болатын.
Қонаевты Колбинге ауыстыруға жұмсалған 18 минут біздің болашағымызды және көзқарасымызды түбегейлі өзгерткен болатын.
Бұл бізде мүмкін екенін ойламадық, қайта құрылысқа сенген болатынбыз. Сол күндерді еске алу өте қиын, айтып не керек, мен барлығын көрдім, бәрі болды…
Суретте желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі – Ермұхан Жүнісхан. Сол кездері ол 20 жаста болды
Қазір Ермұхан Жүнісхан – Көркемөнер Академисының академигі және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Барлығы есінде, кеше болған секілді
– 1986 жылы мен Абай атындағы АГУ-ге сурет салу-графикалық факультетке түстім, бірақ бірнеше айдан соң желтоқсан ереуіліне қатысқаным үшін мені шығарып жіберген болатын. 16 желтоқсан қарсаңында Колбинді тағайындау жайлы әңгімелер болды, біз мұның әділетсіздік екені жайлы аудиторияда талқылаған болатынбыз. Айтып өтейін, біз орыс адамына қарсы болмадық, біздің қарсы болғанымыз – ол адамның Қазақстаннан болмауы. Бұл күні барлық наразылықтар әңгімелермен ғана шектелді
Келесі күні, 16 желтоқсанда, бізде сурет өнерінен сабақ болған кезде, біз даладан біреулердің дауыстары мен шу естідік. Шыға беріске түскен кезде, жастар жиналып тұрғанын көрдік. Олардан Қонавтың орнына Колбинді қойғанын естідік. Жастар бізді алаңдағы ереуілге қатысуымызға щақырды. Мен және курстастарым бірден барғанымыз есімде, сырт киімсіз, бас киімсіз. Гоголь көшесімен төмен түсіп, ҚызПИ-не бағытталдық. Ары қарай біз Байтұрсынов (Космонавтов) көшесімен жоғары көтерілдік.
Абай көшесіне жетпей, біздің артымыздан милиция көлігі ере бастады. Ешқандай орыстарға қарсы, кеңеске қатысты әңгімелер болмады. Мен артқа қараған кезімде, біздің шеруіміздің соңы жоқ екенін көрдім.
Алаңда адамдар көп, “Әр елге-өз басшысы”, “Ленин-тірі” деген ұрандармен тұрды. Сағат үште бізге Қазақстан ОК Компартисының басшылары шығып, трибунадан қатаң түрде тарқауымызға бұйрық берді. Бірақ ереуілшілер олардың сөзіне мән бермеді. Суық болды, курстастарымызбен жатақханаға оралып, киініп, ауқаттанып алуды шештік. Сағат жетіде қайтып келгенде шайқас алаңына айналып кеткенін көрдік, бірнеше өрт сөндіруші көліктер өртеніп жатты, студенттер мен сарбаздар төбелесуде, біреу белгі беретін тапанша алып, ғимаратқа бағыттаған болатын. Бұл нағыз соғысқа ұқсады. Милиция Орталық комитеттің ғимаратын қоршап алды, біз оған тастар лақтырдық. Сарбаздар ереуілшілерді тарқата бастады, сол кезде қырғын-топан басталып, тіпті қыздар да соққының астында қалды. Сарбаздар кеспелдектермен, қалқандармен жабдықталған, бізде ештеңе болмады, шегінуге тура келді. Сосын маған біз болмаған кезде,ереуілшілерге мұздай су шашқанын айтқан болатын.
– 17 желтоқсан күні алаңда жиналдық, – деп есіне алуда Ермұхан Жүнісхан.
– Біздің жоғарғы оқу орнының әкімшілігі есікті жауып тастады, бірақ біз терезе арқылы түстік. Алаң адамдарға лық толы.
Өз ойларын ашық айта, бізге шет жақтан келген адам керек емес, өзіміздің көшбасшымыз керек, ұлты маңызды емес, бастысы Қазақстаннан болуы керектігін, Лениндік тепе-теңдікке мысалы келтіре айтқан азаматтар сөйледі. Ереуілшілерді қоршай жасақшылар тұрды. Оларды бейбіт тұрғындардың арасынан таңдаған, қызыл түсті таңғыштар тағып, арматураның бөлшектерімен жабдықталған.
Газеттерде кейін ереуілшілер алаңға арматура алып келген деп жазған болатын, бірақ бұл жалған. Күндізгі сағат 11-де алаңға бірнеше БТР (бронетранспортерлер) көліктері келді. Олардың әрқайсысында каска киген және саперлі күректер алған он адам болды. Бір көрініс есімде: бір бойжеткен жерде жатты, ал оның тамағынан қан тамшылап тұрды. Айнала ақ қар және оған қызыл қан аққан болатын…
Ереуілшілер жан-жаққа қаша жөнелді. Бірнеше адам “Теңіз” дүкеніне кірсе, біреулері сатушы сөресінен аттап қашты, біреулері жертөлеге түсті, ал мен коридормен қаштым. Артымда “Ол жаққа емес! Шығатын жол жоқ!” деп айқайлаған әйелдің дауысы шықты. Коридордың соңында мені сарбаздар қуып жетті. Кеспелдекпен екі соққыдан кейін, есімнен танып қалдым. Коридормен аяғымнан сүйреп бара жатқанда есімді жидым. Шыға берісте формадағы бір еркек бетімнен бір ұрды, жүресінен отырып қалдым, он курсант мені соққыға жықты: біреуі арматурамен, енді басқасы таяқ, саперлі күрекпен ұрған болатын. Күрекпен басымнан ұрғанда, күрек өткір жағымен емес, етпетімен болғаны жақсы болды. Дер кезінде тағы бір курсант келіп, соққыны тоқтатты, сонысымен өмірімді құтқарды. Мені басқа студенттермен бірге автобуқа отырғызып, ІІАБ алып барды. Жол-жөнекей, арамыздан құжаттары бар адамдарды жіберген болатын. Менің студенттік билетімді алып қойған, сондықтан мен соңына дейін бардым. Келген кезімізде, автобустан ІІАБ кіре берісіне дейін кеспелдек ұстаған миллиционерлер тұрды. Бізді, қырыққа шақты адамды екі камераға отырғызды. Ал ары қарай жауап алу басталды. Мені тек таңға жуық жіберді. Мен жаяу жатақханаға барып, бірден жата қалдым. Менде мидың шайқалысы болыпты, мен үш күн қатарынан төсек тартып жаттым. Үшінші күні мені деканатқа шақырды, тәртіпсіздікке қатысқаным, сабақтан кетіп қалғаным үшін оқудан шығарылғанымды хабарлаған болатын.
Кейін мені прокуратураға шақырған болатын, маған ереуілге қатысқандардың суреті бар фотоальбомды көрсетіп, егер өзімдікілерді айтып, көрсететін болсам, университетке қайта кіретінімді меңзеген болатын, – деп есіне алуда суретші. – Альбомды көре, мен курстастарымды көрдім, тіпті дене шынықтыру мұғалімін байқап қалдым, бірақ ештеңе білдірмедім. Сол институтқа мен тек екі жылдан кейін ғана түскен болатынмын.
– Желтоқсан оқиғасы мені адам ретінде әлсіреткен жоқ, – дейді Ермұхан Жүнісхан. – Сол күндер жайлы естелік тек үнемі болған бас аурулары болды, маған тыныш өмір сүріп жұмыс істеуге маза бермеді.
Бірнеше жылғы емдерден кейін бәсеңдеген болатын, бірақ емді жалғастырып отыру керек. Өткенге қарамай, мен ары қарай талпынып, жұмысымды жалғастырып, суреттер саламын, менің суреттерім әлемнің түкпірінде жеке коллекциялардың қатарында, ҚР суретшілер одағына белсенді қатысамын, 2011 жылдан бастап Талдықорған қаласында “Жетісулық желтоқсандықтар” қоғамдық қорды басқарып келемін. Мені түсініп, қолдайтын жанұям бар.
Қалдықыз Аттемова, физика және математика мұғалімі, сол күндері ол да алаңда болған еді
– 16 желтоқсан күні бізде политэкономика сабағы болды. Мұғаліміміздің орнына бізге ҚазҰУ-нің мұғалімі сабақ берді. Ол бізге сол күні болған мәжілісті, пленумның бірегей шешімімен бірінші хатшы тағына Колбинді қойғанын айтқан еді, тіпті аты-жөнін тақтаға жазды. Аудиторияда соған қатысты қызулы талқылаулар пайда болғаны есімде.
Кеш бойы біз жаңалықтар күттік, бірақ тек келесі күні азанда бізге газет алып келді, оның бірінші бетінде Геннадий Колбиннің суреті басылып шығып, оған бірінші хатшы лауазымын бергені жайлы жазылған болатын. Құрбыларыммен газетті жыртып тастадық. Бүткіл жатақхана бойынша тек сол жаңалықты талқылаған болатынбыз. Сабақтың орнына біз алаңға шықтық. Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, тек басшылықтан түсініктеме алғымыз келді. Алаңда көп адам болмады, тек миллиционерлер тұрды. Олар бізге сағат 16.00-де барлығы жиналады, сол кезде жауап алатынымзды айтқан болатын. Сол уақытта келген кезімізде, алаңда ине шаншар жер болмады.
Оқу орнымызда бізді алаңға жібермеді, барғанымыз үшін қатаң жазалайтындарын ескерткен болатын. Бізді не үшін жазалайды? Біз бар болғаны Қонаевты алып тастап, орнына Колбинді неліктен қойғанын білгіміз келетіндігін айтқан едік. Екі сағат тұрдық, уақытты өткізу үшін өлең айттық. Кеш батты, жауап ешкім қатпады. Милиция жиналған жұртты таратпақшы болды. Екі аттам жерде генерал тұрды, ол тарқауымызды сұраған болатын. Сосын мен тіпті не болып кеткенін дұрыс түсінбедім, маған бір жігіт жүгіріп келіп: “Қыздар қашыңдар! Олар барлығын соққыға жығуда, аяушылық жоқ!”- деп айтқан болатын.
Бізді ұратындай сонша не істеп қойғанымызды түсінбедім. Бір жағымыздан келдек, қалқан ұстаған, дулыға киген милициялар келе жатқанын көрдім. Мен қашайын деп едім, бірақ жығыла құладым.
Маған формада 30-35 жас шамасындағы, мұртты еркек келіп, келдегімен ұра бастады, есімнен танып қалдым. Шашымнан асфальтпен сүйреп бара жатқанында есімді жидым, астымнан бір жылулықты сездім. Сөйтсе, есімді жимаған жағдайда мен несебімді ұстай алмай қалған екенмін.
Көзімді ашқан кезде, алаңда тек қалпақтар шашылып жатты, қан болды, иттер үріп жатты, қара түтін болып, өрт болды. Бұл көрініс әлі күнге дейін көз алдымда. Мені сары жүк көлігіне отырғызды, артымнан бір сарбаз бір тепті. Жүк көлігінің ішінде жас жігіттер мен қыздарды көрдім, олар отын секілді жатты, ал мені ең үстіне ығыстырып жіберді. Бізді ІІАБ алып келіп, менен бесінші курстан заңгер жауап ала бастады. Жауап алу кезінде бір еркек келді, ол жедел жәрдем шақыруға бұйрық берді, мені ауруханаға алып кетті. Ауруханада жеңіл-желпі жарамды емдеп-тұмдап, қайтадан милицияға жіберді. Шағын камерада тағы 54 қыз отырды. Олардың барлығы да соққының астында қалған. Біреуінің арқасында тақаның іздері болды, аяғында шынжырдың іздері қалған. Камерадағы қыздармен әңгімелесуге менің мұршам болмады.
– Үш күнгі жауап алу, кейін соттық сараптамадан соң мені жатақханаға жіберді. Институтта мені сабақтан босатты, ол кезде мені комсомол мен институттан шығарғанын білмеген едім. Бірнеше күннен соң, 24 күні, менің артымнан қайта келіп, Калиндік ІІАБ алып кетті, ол жақта үкім айтып, он тәулікке қамаған болатын. Бірақ мені 20 күн ұстады. Тек 13 қаңтар күні жіберген болатын.
Артымнан ата-анам келді, кетейін деп тұрған кезде, жатақханада есімнен танып қалдым. Жедел жәрдем шақырды, бірақ оның орнына психиатрия ауруханасынан арнайы топ келді. Абай-Масанчи көшесіндегі ауруханада ояндым, 14 тәулік жатқан болатынмын. Маған берген дәрілерді жасырын лақтырып жүрдім, бірақ шаншулардан құтыла алмадым. Ең реніштісі (Қалдықыз жылай бастады) мені гинекологиялық орындыққа отырғызып, темір құрылғымен бір нәрсе істеп, қан кеткенде ештеңе түсінбедім. Сосын маған желтоқсан оқиғасына қатысқан қыздардың қыз абыройынан айырғандығын айтқан болатын.
Ауруханадан ата-анам алып кетті. Басымда қанды ісік болды, бірақ Қазақстанда ереуілге қатысушыны емдеуге бәрі қорқатын, Ташкентке баруға тура келді. Онда мені мәскеулік дәрігерлер емдеген болатын. Сосын олар маған таң ғажайыппен аман қалғанымды айтқан болатын. Бір жылдан кейін ректораттан хат келді. Бірінші күннен бастап, мен үшін кураторым Мақашев Қанат өтініш берген болатын. Оның көмегімен институтты бітірдім. Ол маған: “Уақыты келген кезде, барлығы басқаша болады, ал сізді Қызыл Құрмет кітабына жазады”- деп айтқан болатын. Ата-анам ерте қайтыс болды, менің басыма түскен жағдайлардың әсерінен анамда аурулар басталған болатын.
2004 жылы құжаттарымды қайта жасаған кезде, мен жайлы газеттерде жаза бастады.
Менің оқушыларымның ата-аналары менің психиатриялық ауруханада жатқанымды біліп, №13 мектептің директорына шағымданған болатын: “Неге мұндай мұғалім мектепте жұмыс істейді? Ол психиатрия ауруханасында жатқан, неге оған оқушылармен жұмыс істеуге рұқсат бересіз?”. Жауап ретінде мені ауруханаға қинап жатқызғандығын, ол кезде денім сау болғандығын түсіндірген едім, бірақ бәрібір бір жылдан кейін мектептен шығуға тура келді.
Қазір қазақ мектебінде сабақ беремін.
– Ол кезде 24 жаста болдым, Гагарин атындағы тігін фабрикасында жұмыс істедім, – деп әңгімелеуде желтоқсан оқиғасының басқа қатысушысы Ақкүміс.
1986 жыл жастар үшін ең ауыр болды, бізді орыс тілін білмегеніміз үшін кемсіткен болатын. Желтоқсан оқиғасы – өзіңді көрсетіп, еңсеңді көтеретін күндер болды. Бірақ біздің шығуымыз ұлтшылдыққа қатысы жоқ.
17 желтоқсаннан 18-не қараған түні барлығы соғыс жайлы болып жатқан қорқынышты кино секілді болды. Бізге прожектор түсті, суық сумен шашты, артымыздан иттер қуды, арматурамен бас салды. Мені соққыға жыққан соң, есімнен танып қалдым. Ары қарай не болғанын құрбымнан білдім. Бізді қоқыс тасушыға кіргізіп, қоқысқа алып барып, сол жаққа лақтырып кеткен. Ол кезде әйнекті жинайтын адамдар жұмыс істеп жатты. Олар қоқыстан шығуға көмектескен болатын. Бұл кезде мен есімді жимаған едім, құрбым мені тастап кетпей, арқалап жүрді. Ары қарай бізге милицонер көмектесіп, №12 қалалық ауруханаға алып келген болатын.
Мені шығарған кезде, баспалдақтан түсіп келе жатқанымда, лифтші әже айқаймен қарсы алды: “Ой көп жасағыр, сені мәйітханада болғаныңда мен алып кеттім…” Ол маған біз құрбыммен ауруханаға барған кезде, дәрігерлер мені қарап, өлген деп, мәйітханаға жібергенін айтқан болатын. Үш күннен кейін мені апа байқады.
Мәйітханада қалай тап болғанын өзі де білмейді, оны бөлмеге күшпен кіргізген секілді болды. Бөлмеде жарық жанып тұрды, ол мені отырған күйімде көрген болатын. Сөйтіп ол мені мәйітханадан алып кетіп, палатаға алып барған болатын.
1985 жылдан 1995 жылға дейінгі барлық сырқатнамам жойылған болатын. Бірақ ауруханада болғандығыма журналдағы жазбалар кепіл. Соның арқасында құжаттарымды қайта жасай алдым.
2006 жылы 30 қараша күні маған әкімшіліктен хабарласып, желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай маған пәтер беретіндігін, құжаттарды жинауымды айтқан болатын. Сол күні қуана әкімшілікке келдім, бірақ маған әлі күнге дейін уәде етілген пәтерді бермеді. Хабарласпаған жерім жоқ, бірақ бір күні маған тынышталуымды айтып, әйтпесе өкінетінім жайлы ескерткен болатын. Бірақ мен қорықпаймын, о дүниеде болып келдім.
Гүлбира Панинова (сол жағында) және Гүлнара Әбілқайырова бас киім фабрикасында сол күні тігінші болып жұмыс істеген. Гүлбира комсорг, ал Гүлнар бригадир болды
– Мен сабақтан қайтып келе жатқанымда екі әйел дөрекі түрде алаңға шыққандарды талқылап жатқанын естіген болатынмын, – дейді Гүлбира. – Мен араласып, әйелдердің айтқандары үшін ұрысқан болатынмын. Жатақханада барлық қыздар алаңға шықпақшы болды. Ол кезде барлығы шыққан болатын: қазақтар, орыстар, ұйғырлар, татарлар. Келесі күні, 18 желсоқсан, біз “Әр елге-өзінің басшысы! Колбин кетсін!” деп парақшалар жасадық. Бастапқыда митинг бейбітті түрде болды, бірақ бізді сумен тарқатқан кезде, ереуілшілер ызаланған болатын (Суретте Гүлбира цех бойынша ереуіл үшін қамалған құрбыларымен бірге, 1986 жыл, күз мезгілі)
Митингке қатысқаным және парақшалар үшін мені екі жылға қамауға алды, ал менің құрбым Гүлнараны үш жылға соттаған болатын. Түрмеге бізді ұрлықшылар мен қылмыскерлермен бірге отырғызды. Тіпті қылмыскерлерде, бізге, желтоқсаншыларға деген негативті қарым-қатынас болды.
8 сағаттап тігін фабрикасында жұмыс істедік, сосын құрылысқа баратынбыз, кірпіш, цемент тасыдық. Гулнардың кіші інісі бес жылға сотталды, ата-анасы үшін бұл қатты соққы болды.
Мұрағаттағы суреттердің стоп-кадрлары. Алаңдағы қозғалысты бақылап жатқан адамдар.
– Біз үйге барып, ары қарай бәрін балконнан көруді шештік. Адамдардың қашқанын көрдік, бірақ төбелесті көрмедік. Осылайша күн аяқталды. Келесі күні, 18 желтоқсан, мен жұмысқа шығып, алаңның жанынан өтпекші болдым. Мені милиционер тоқтатты, мен оған жұмысқа бара жатқанымды айттым, құжатымды көрсеттім, мені жіберді. Сағат таңғы 9 болатын. Бірнеше көлікті көрдім, 50 шақты жасақшылар таяқтармен тұрды. Автобусқа жақын барсам, сарбаздар ұйықтап жатыр екен. Желтоқсан (бұрынғы Мира) көшесі жағындағы алаңда 40-50 шақты адамдар тұрды. Көзімнің алдында жасақшылар екі топқа бөлініп, оларды ұстауға кірісті.
Екеуі бір жігітті ұстап алып, шашынан жермен сүйрей бастады. Мен милиционерге жақындап оған қазақ тілінде: “Олар оны өлтіреді ғой!” деп айтқан болатынмын.
Бірақ маған милиционер қолын сілтеп, ары қарай жүре беруімді айтқан болатын. Осылайша олар бірнеше жігітті автобусқа кіргізді. Ары қарай не болғанын мен білмеймін.
Желтоқсан оқиғасымен байланысты маңызды түйін “Аллажар” фильмі болды. Оның түсіріліміне режиссер Қалдыбай Әбенов 8 дерлік жыл жұмсады, 1988 жылдан бастап, 1996 жылға дейін. Желтоқсаншылардың пікірінше, фильм шындыққа негізделген, 25 жыл бұрын болған оқиғаға ұқсайтындығын айтқан болатын.
– Мен 17-сі күні алаңда болдым, – дейді Әбенов. – Күндіз тыныш митинг болды, ал кешке мен Асанәлі Әшімовпен Мәскеуге ұшып кеттім. Бұған дейін үш апта бұрын билеттер сатып алынған болатын, нақ 17 желтоқсан күніне. Қазір Алла мені бекер құтқармағандығын ойлаймын. 1988 жылдан бастап, әлі күнге дейін бұл фильммен өмір сүріп келемін, жүк ауыр, бірақ өте жауапты
Фильмның түсіріліміне мен Мәскеуден авторласым Александр Лапшинды шақырдым. Бірінші кезекте біздің міндетіміз желтоқсаншыларды іздеу болды, олардың айтуынша, көрген ауырлықтарына қарап фильмді түсіретін болдық. Еш жалғандық болмау керек.
1988 жылы репрессия жалғасып жатты, сотты процесстер жүріп жатты және көпшілік біздің МҚК-нен деп қорыққан болатын. Жаңа жылға дейін адамдар таптық, келесі жылы да іздестіруімізді жалғастырған болатынбыз. Сол кезде жаза мерзімін өтеп шыққан студенттер шыға бастады: Хасен Қожа-Ахмет, Аманжол Нәлібаев, Жансая Сәбитова, Ерлан Дакелбаев. Біз бәріміз жұмыла түсірілімді бастадық.
Фильмның сюжеті белгісіз жағдайларда айдап асыратын аралықтағы түрмеде қайтыс болған студент Қайрат Рысқұлбековтың шынайы тарихына ұқсайды. Бас кейіпкер Азаматты жас Ахан Сатаев сомдайды (“Аллажар” фильмінің кадрлары, үкім шығару кезінде)
Сот залында ҚазТАГ кеңестік ақпараттық агенствасына түсірілген шынайы сурет, суреттің авторы Юрий Беккер, 1987 жыл, 16 маусым. Айыптаушылар орнында сол жақтан оң жаққа қарай: E. Копесбаев, T. Ташенов, Қ. Рысқұлбеков, K. Кузембаев. Суреттің жариялауынан кейін ОК пікірі бойынша, Қайрат қаһарман секілді бейнеленген, ҚазТАГ-тың басшылығы, “Жетісу” газетінің редакторы мен фототүсірушіні қоса, жұмыстан шығарылған және ұзақ уақыт бойы кәсібі бойынша жұмыс істеуге құқылы болмады.
– Менің фильмімде, – деп әңгімелеуде режиссер, – желтоқсан оқиғасының шынайы кадрлары қолданылған. Бұл жазбаларды маған “Қазақфильм” киностудиясының ТББ (техникалық бақылау бөлімі) бастығы Жанна Мұнайтбасова берген болатын. Негізі ол ерлік жасады. Ол жұмысын тәуекелге қойып, белдемшесінің астына жасыра, таспаның 4 қорабын алып шыққан болатын.
1989 жылы 20-мамырда “Қазақфильм” студиясында желтоқсаншылар арасында біз алғаш рет “Желтоқсан” атты қоғамдық қозғалыс болып табылатынымызды жариялаған болатынбыз. Сол кезде мені аңдып, естіп жатқандығын байқамаппын. Маған бір жалған әкімгерді берген екен, ол бар болған кезде, менде проблемалар болатын. Мені жиі жауап алуға шақыратын, тергеушіде менің сценариімнің көшірмесі болды, олар маған ол кезде ешқандай жәбірленушілердің болмағандығын, ешкімді ұрмағандығын, қаланың сыртына алып бармағандығын меңзеген болатын.
Олардың дегенімен жүрмейтінімді түсінген соң маған кедергі жасай бастады. Қаржымды алып, жобаны тоқтатуға талпынбақшы болды. Ол кезде мен “Барыс” атты киностудиямды ашқан болатынмын. Достарым маған қаржылай көмектескен болатын, оған мен бір вагон таспа сатып алдым. Оларды ерекше шартта сақтау керек болды. Күн сайын басшылық маған айыппұл салу үшін бір сылтаулар тауып жүрді. Үш айда мен банкротқа ұшырадым. Олар тағы бір нәрсе шығармас бұрын, мен тіпті өзімнің таспаларымды ұрлап, екі КАМАЗ-да алып кеткен болатынмын.
Өкінішке орай, фильм үшін жасалған бірегей кадрлар ұрланған болатын. Оның біреуі Бұрұндайдағы Батыс қабырлауы болды. Мен режиссер ретінде жерленгендерді өз көзіммен көру үшін барған болатынмын. Бұл 800х1,5 метр көлемдегі ор болатын, үш белгі тұрды: басында бес күлді жұлдыз, ортасында жарты ай, соңында православты крест болды. Біз 1985 жылдан бастап жұмыс істейтін, ұлты бойынша неміс бастықтан сұрай бастадық. Біздің әңгімеміз камераға жазылып жатты. Ол ор 1985 жылы пайда болғанын айтты, бірақ онда желтоқсаншылар жерленгенін жасырған болатын.
– Мен сол кезде одан желтоқсан оқиғасы болған жылы басқа өлім жазалары, мұндай мөлшерде аурудан адамдар қаза болғандығын сұрадым, ол маған “Жоқ” деп жауап берген болатын. Мен барлығын шығуды сұрадым, онымен оңаша қалғанымда ол маған: “Режиссер мырза, сіз қателік жасадыңыз, сіз камера, микрофондармен келудің орнына бір жәшік арақпен кеуіңіз керек еді, сол кезде барлық жұмысшылар сол оқиға жайлы айтатын еді. Ондай шындықтан сіздің төбе шашыңыз тік тұратын еді” – деп айтқан болатын. Өкінішке орай, КСРО-ның күйреуіне дейін бір жыл бұрын, жерлеуді жермен теңдестіріп, барлық мәйіттерді белгісіз жерге көшірген болатын.
“Аллажар” фильмінің тұсаукесерінен кейін Павлодарда менімен МҚК мен ІІМ полковниктері сөйлеспекші болды: “Режиссер мырза, сіз 1000 адамнан аса орларды көріпсіз, онда неліктен оларды туыстары іздемейді? – деп сұраған болатын. Мен: “Дұрыс айтасыз, бірақ туыстарының үндемеуінің үш себебі бар. Біріншісі – қорқыныш. Адамдарды шатастырғаны соншалық, олар тіпті дауыстап ол туралы айта алмайды. Ұлы алаңда қайтыс болған ер кісіні таптық. Ол ұлының желтоқсан оқиғасынан қаза болғандығын мойындаған болатын, бірақ үзілді-кесілді құжаттарға қол қойып, сотқа баруына бас тартты. Екіншісі – пара. Бір әке, жұмысында жоғары лауазымға ие болып, ұлының қаза болғаныдығына көзін жұмды. Үшіншісі – іздерді жойған. ҚазҰУ студенті саперлі күректің соққысынан қайтыс болады, бірақ оның ата-анасы жүрек тоқтауынан болды деп айтады. Бұл істі тергей бастаған кезімізде, университеттен оның құжаттарын таба алмадық, жалғыз дәлел тек оның студенттік билеті болды”
Түсірілімнен бөлек, біз “Желтоқсан” қоғамдық істерімен айналыстық. 1989 жылы КОКП ОК және горисполкомға біздің қозғалыс 17 желтоқсан күні қаза болғандарға гүл қойып, Құраннан дұға қылу үшін алаңға шықпақшы екеніміз жайлы хат жазған болатынбыз. Келісім бірнеше күн болды, нәтижесінде бізге митинг жасауға рұқсат берді, бірақ алаңда емес, медицина институтының актілік залында өткізу керек болатын. Желтоқсаншылардың сөйлеуінен кейін, бастан өткізгендерін айтқан соң, барлық зал “Желтоқсан” жасасын! Колбин кетсін! КОКП ОК құрысын!” – деп айқайлай бастады. Қорытындысында біз барлық университететтерде митинг өткіздік, ал 17 желтоқсан күні алаңға гүл қойып, дұға оқыдық. Бұл біздің бірінші жеңісіміз болды.
Бірақ біз осымен тоқтаған жоқпыз. 1990 жылы 14 мамыр күні бізде ашаршылық акциясы болды және 18 мамыр күні барлық сотталған желтоқсаншыларды шығарып алдық, тек Әбдіқұл Мырзағалисіз, оны өлім жазасына кескен болатын. Екі күннен кейін біздің қозғалысқа бір жыл толған соң, біз барлық желтоқсаншылардың бірінші құрылтайын Кино Үйінде өткіздік (Рахметов Құрманғазының жеке мұрағатынан)
1991 жылы 12 желтоқсан күні ҚР Президентінің қылмысты, әкімшілік және тіртіптік жауапкершілікке кесілген 1986 жылғы 17-18 желтоқсан күні желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтау жөнінде жарлығы шыққан болатын. Бірақ әлі күнге дейін желтоқсан көтерілісі ресми статусын алмады.