Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Желіні тексеріп отырмыз…”. Әблязовтың қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды

Оның айтуынша, экс-банкирдің ашқан ұйымының әрекеттері саяси экстремизм ретінде танылып, елдің қауіпсіздігіне қарсы әрекет болып саналады. Ол интеренет желілер, месенджерлер, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы Қазақстан азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырады.

https://kaz.365info.kz/blyazov-my-ty-gitarist-eken-246932

Сонымен қоса, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрастырады.

“Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда. Наразылық акциялардың бейбітшілігі туралы айтса да, қозғалыс басшысы Мұхтар Әблязов пен оның белсенділерінің қылмыстық мақсаты — билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң бойынша саяси экстремизм болып саналады және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде қудаланады”, — делінген бас прокуратураның мәлімдемесінде.

Осыған байланысты Бас прокуратура “Прокуратура туралы” заңда көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа қозғалысты экстремистік ұйым деп тану туралы арызбен жүгінген.

https://kaz.365info.kz/akhshamdy-khajtarmady-erzhan-tatishevti-ne-yshin-oltirgen-belgili-boldy-304890

“2018 жылғы 13-наурызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл ұйымның әрекетін ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейне-хостингтер арқылы таратуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, билікті басып алуды насихаттау және оған жария түрде шақыру фактілері бойынша ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде”, — деді Лоскутова.

https://kaz.365info.kz/abilyazovtyn-halykhtyn-zejnetakhy-zhinagyna-da-zhymkhyrgany-daleldendi-ylttykh-byuro-252047

“Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін “Қазақстанның демократиялық таңдауы” экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді. “Қатысу” әрекетіне қозғалыстың идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, “қатысу” болып қозғалысты және оның басшысы Әблязовті қолдауда митингілерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу саналады.

“Қаржыландыру” ұғымына Әбілязов пен қозғалысқа ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады. Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам қылмыстық жауаптан босатылады”, — делінген мәлімдемеде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз