Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Желідегі ғашығым күйеуімнен де ыстық»

дейді есімін атамаған 30 жастағы жас әйел.

Ия, бір уақ еркелеткенді, жылы сөзді аңсап жүрген ол өзі сияқты сүйіспеншілікті қалап жүрген еркекті жақын тартып кетті. Екеуінің әңгімесі таусылмайды. Ойлары да әркез бір жерден шығады, тіпті әуестік, ермектері де бірдей. Түрлі әңгімелер айтып, күнелікті сырласып тұрды. Бар құпиясымен, жан сырларымен бөлісті.

Ол адам маған күйеуім бере алмаған қолдауды, жан жылуын берді. Қарапайым түсіністік, жұбату кейде қатты көмектеседі. Күйеуім жанымда болғанымен, оның айтқан сөздерінің бәрі қысқа да құрғақ тұрмыстық сөздерден аспайды. Ойымыз, сезіміміз екі жақта,

дейді.

Санжар екеуміз жатқымыз келеді

Міне, Санжар тағы аса қымбат сөздер айтты, қуанышында шек жоқ. Санжар жақындасуға қадам жасады. Ия, ғаламтордағы ғашығы Санжар келе-келе ешқандай міндеттемесіз жыныстық қарым-қатынас жасайық деді. Жас келіншек ойланып жүр. Жабыраңқы, көңілсіз, түйіні жоқ мәселелері көп өмірден гөрі Интернет ішіндегі жарқын, тәтті өмірге белгісіз бір күш тарта берді.

Санжар мені қатты түсінеді. Мені барлық жағынан қолдайды. Басқа еркекпен желіде сырласып жүргенім дұрыс па? Бұл күйеуімді алдау ма? Көзіне шөп салуға жата ма? Санжармен сөйлескім де, кездескім де келеді. Тіпті құшағына еніп, тән ләззатына батқым да келеді. Бірақ, күйеуімнен қорқамын.

Келіншектің сыры осы. Күйеуін де аяйды, желідегі ыстық махабаттың жібін де үзгісі жоқ. Сіз не ойлайсыз?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз