Таңғы ас үстінде түсірілген бұл суретті Алтынайдың өзі де жариялаған еді. Қандай да бір пікірлердің алдын алу үшін әнші өзінің жолдасының бетін жасырып қойған. Ал оның жанкүйерлері жолдасыңыздың түрін қашанға дейін жасырасыз деп пікір білдірді. Бірақ әртіс еш жауап бермеді.
Біраз уақыт өткеннен кейін біреу суретті Желіге жүктеді, әншінің оқырмандары бірден жақсы тілектерін айтты. Басым көпшілігі Алтынай үшін қуанып, әйел бақытын тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші өзінің екінші мәрте тұрмысқа шыққанын айтып, жағымды жаңалығымен бөліскен еді. Бұған оның қыздары ғана емес, оқырмандары да қуанды. Алтынай 39 жасар ер адамға тұрмысқа шықты, ол Қостанайдың тумасы және оның келінің туысы екені белгілі болды.