Ақтаудағы уақытша орталықтың бейнеролигін Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның авторы емделушілерді дәлізге жатқызуға тура келуде деп жазды.
Қоғамдық коммуникациялар орталығының ақпараты бойынша, облыстың провизорлық орталығына келіп түскен науқастардың саны күн санап артуда.
— Бүгінде науқастарды жаңа уақытша орталыққа жатқызуда. Стационар барлық қажетті медициналық аппараттармен жабдықталған. Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың медициналық қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Біз бұл бейнені біреуді қорқыту үшін емес, қауіпсіздікті сақтау үшін жарияладық. Қазірде барлық санитарлық талаптарды сақтау аса маңызды. Мүмкіндігінше оқшауланып, үйден шықпаңыздар, адамдар көп жиналатын отбасылық шараларға; тойлар мен жерлеуге бармаңыздар. Барлық жерде маска тағып, антисептікті пайдалану керек, — деп хабарлады ҚКО