Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-16
USD
524
-0.14
EUR
545
-0.25
RUB
5.2
+0.09

Желге ұшқан миллиардтар: биліктің аяқсыз қалған “ғасыр жобалары”

Соларға бөлінген жерлерде әлі де ешқандай өзгеріс жоқ, тақыр дала.
https://kaz.365info.kz/bizdiki-yrlykh-ideologiyasy-otandy-syyudi-khytajdan-yjrenu-kerek-pe-283088

4 қала салу қанша тұрады?

G4 City жобасын біздің билік мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту аясында ойлап тапқан. Алматы-Қапшағай тас жолының бойында төрт қала салмақ болған:

  • бірінші қала — Gate City қаржылық іскерлік орталығы,
  • екінші қала — Golden City мәдени-сауықтыру және білім беру орталығы,
  • үшінші қала — Growing City ғылым мен заманауи технологиялар орталығы,
  • төртінші қала — Green City Қапшағай су қоямасының жағасындағы демалыс, ойын-сауық пен туризм орталығы.

Бірінші қала Gate City жобасына бюджеттен 30 млрд теңгеден астам ақша кетіп қалды. Қайда, қалай жұмсалғанын ит біледі.

Алматы облысының Іле ауданындағы жалпы аумағы 8 мың га, жалпы ұзындығы 65 шақырым жерде мүлгіген тыныштық. Құрылыс тұрмақ сайтан да жоқ!

Жылдар өтіп жатыр. Бұл жердің девелопері және иесі Caspian Group компаниясы жылдар бойы инженерлік коммуникацияларды күтіп отыр. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің хабарлауынша, олар инвестор талабына сай, қажетті инженерлік инфрақұрылымды күтіп отыр,

келісімшарт өз күшіне әлі енбепті. Қазақстан мен Корея тарапынан үкіметтік деңгейде қолдауға ие болса да…

Бірақ бар ғой?! Жобаны қаржыландыру әлі жалғасып келеді. Министрліктің дерегінше, ақша «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында түсіп жатыр.

Ал енді құрылыс неге тоқтап тұр десеңіз, оның көп себептерінің бірі мынау:

«Алматы өңірінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің айтарлықтай өзгеруіне байланысты

негізгі жобалық шешімдер қайта қаралып, жобаның маңыздылығы қайта нақтыланды

Gate City қалашығын 2030 жылға дейін салуды көздейтін жаңа техникалық-экономикалық негіз жасалды, қалған қалашықтарды 2030 жылдан кейін салу жоспарланды».

Масқарасы сол, ойбай қала саламыз деп 2007 жылы айтылған төрт қаланың біріншісін салу енді 2030 жылға қарай шегерілген.

Сол 2008 – 2015 жылдар аралығында бюджеттен 31,4 млрд ақша бөлініп кеткен.

2018 жылы қанша ақша бөліп жібергенін министрлік енді айтудан қорқып отыр.
https://kaz.365info.kz/najman-zhigitteri-khuatty-keledi-eken-ekspony-sekspo-zhasagan-eki-ajeldin-angimesi-271111

Бәріне кризис кінәлі

Мәселен, Өскеменде жылына 120 мың дана мәшине шығаратын зауыт салынып жатқанын көпшілік біледі. Бірақ

жаңа зауыттың конвейерінен алғашқы қазақстандық автокөлік қашан шығатынын ешкім білмейді

Құрылыс мерзіміне қатысты жоспарлар бірнеше рет өзгерген. Қазақстан үкіметі мен «Азия Авто» зауыты арасында толық циклді зауыт құрылысы туралы келісімшартқа 8 жыл бұрын – 2010 жылдың маусым айында қол қойылған.

Оған салынатын инвестиция көлемі 500 млн долларға бағаланған

Жылына 90 мың автокөлік шығаратын өндірістің бірінші кезегі 2015 жылы іске қосылады дескен, екінші кезегі (плюс 30 мың) — 2017 жылы ашылады деген. Ал, қайда? Боқ та жоқ!

Құрылыстың аяқталатын мерзімі 4 рет ресми түрде жарияланған – 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдар. Енді 2019 жыл туралы айта бастады.

Инвестиция жөніндегі вице-министр бар, Роман Скляр деген. Ол бәріне қаржылық дағдарыс кінәлі деп қарап отыр.

«Құрылыс мерзімінің қайта қарастырылу себебі – Қазақстан нарығының 2014-2016 жылдары болжап болмайтын құлдырауға ұшырауына байланысты, — дейді Скляр. — Соның нәтижесінде

елде жаңа автокөліктердің сатылуы 3,6 есеге төмендеп, өндіріс көлемі 5 есеге азайды

Халықтың төлем қабілеті күрт төмендеп, бұл ең алдымен автокөліктер сатылымына әсер етті».

Алайда ол атап өткендей, 2017 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы өсім байқата бастады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша,

қазақстандағы конвейерлерден 150 млрд теңгенің 19,5 мың автокөлігі шықты

Енді «Азия Авто Қазақстан» АҚ зауытының бірінші кезегін іске қосу 2019 жылға жоспарланыпты. Бірақ нақты мерзімі тағы да қаржыландыруға келіп тірелетін сияқты.
https://kaz.365info.kz/byl-bilik-auyspaj-eshtene-ozgermejdi-ony-bari-biledi-goj-ajdos-sarym-315060

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз