Қазақстанның «Даму» банкі жеңілдетілген автонесие беру тәртібіне өзгеріс енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды khabar.kz.
Отандық авто өндірушілерді қолдау және ел азаматтарының көлікке деген қолжетімділігін арттыру үшін банк несиені өтеу мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұған қоса алдағы уақытта қымбат көліктерді де қарызға беру мәселесі қарастырылуда.