Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

«Жазғаны шатпақ. Еще ақынмын, жазушымын дейді». Ол кім?

211

Рас, бойыңда талантың тасып, шабытың қысып бара жатса, жаз. Жазба деп ешкім айтпайды.

Тек «ел игілігі үшін тер төктім, көз майымды тауыстым» деп міндетсудің қажеті жоқ секілді.

https://kaz.365info.kz/biz-olardy-bilemiz-ozi-men-auletin-otirik-olen-sozderin-kitap-etip-shygargandar-turaly-290884

Қалдыбек Құрманәлі. Фото: youtube.com

https://kaz.365info.kz/olardyn-zamany-otip-ketken-khazirgi-akhyn-zhazushylar-nege-kedej-255080

Осындай айтқыштар жөнінде қашан да оғаш ойдың оқшатайы болып жүрген белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлиевтің былай дегені бар еді:

«Кейде қолына қалам ұстаған жастарға қарап, таң қаламын. Ақыны бар, жазушысы бар, не болмаса сазгері, я әнші, бәрі биліктен бір нәрсені дәметеді де жүреді. Неге? Уақытында, соғыстан кейінгі кезде, одан бергі 60-70 жылдары әдебиетке келген бір шоғыр талантты аға-әпкелеріміз үкіметтен ештеңе талап етпей-ақ, қазақ әдебиетін көкке көтеретін керемет шығармалар жазды.

Олар да қаңғып, әркімнің босағасында пәтерде жүрді. Бірақ тауы шағылған жоқ.

«Өлең жазуға, ән шығаруға жағдайымыз жоқ», деп ешкімге мұң шақпады. Сөйтіп жүріп-ақ иісі қазақтың өнеріне, әдебиетіне үлес қосты. Қабырғасын қаласты. Елім дейтін азаматтар осылар.

Қазіргі жастар ше? Шикілі-пісілі бір шимақтарын жазады да, «маған пәтер бер, жағдайымды жаса» деп алақан жаюға көшеді. Осы жөн бе? Әрине, тұрмысы жақсы болғанға не жетсін!

Бірақ мен тұрмыс түзелісімен керемет туынды жазып кетеді дегенге сенбеймін. Тума талант иесі жер кепеде тұрып та, түрмеде отырып та жаза береді.

Бұған мысал көп.
https://kaz.365info.kz/ynty-yp-kelip-sti-e-erkek-shy-anda-yatsyz-a-yn-kim-eken-246629
Кейде біреулер «мен халық үшін жаздым» деп жатады. Мұны да қабылдай алмаймын. Бұл баяғы Кеңес заманындағы «бәрі де халық үшін» деген қағиданың сарқындысы. Соны қайталаумен келеміз.

Сәтті шығарма, тамаша ән, бәрі – дарынды адамға берілетін Алланың сыйы. Ол толқып сыртқа шығады. Жаныңды нұрға бөлейді.

Оның бәрін қалай «халық үшін жаздым» деп айтасың?!

Өзгеге де хақым жоқ. Мен әнді өзім үшін жазамын. Ішімдегі бұлқынысты сыртқа шығарамын. Қағазға түсірем, не болмаса ән болып төгіледі. Жанымды рахатқа бөлейді.

Ал оны қалай мен «халық үшін жаздым» деп көлгірсимін?!».

Міне, ащы да болса жөн сөз осы.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/mysapir-kim-shamshinin-kharyndasy-khaldybek-khyrmanalinin-maskharasyn-shygardy-283552

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз