Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Жауыз екен”. Флоридада оқушы қанды қырғын жасады

Шерифтің айтуынша, қаза болғандардың арасында оқушылар да, ересек адамдар да бар.

“12 адам білім беру мекемесінің ішінде атылған. Тағы үшеуі далада, екеуі ауру анада. Зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда жатыр”, – деді Скотт Исраэль.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, қырғынды осы мектепте оқыған 19 жастағы Николас Круз жасаған. Өткен жылы жігіт “тәртібіне байланысты” мектептен шығарылған екен.

Оны “оқушыларға төнген қатер” деп атапты.

Сыныптастары болса оның қару-жараққа әуес болғанын айтқан. Николас білім беру мекемесінің ғимаратына кіріп, жолықтырған адамын ата бастаған. Оның қолында AR-15 жартылай автомат винтовка мен оның бірнеше оқ-дәрісі болған.  Полицейлер мен арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні екі сағаттан кейін ғана ұстай алған. Қазір ол қамауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз