Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жауап келді ғой…”. Былғары күртке сұрап, Елбасыға хат жазған келіншек өткенін еске алды (фото)

309

“Жас кезімде ел басшысына былғары күртке сұрап арнайы хат жазғаным есімде.

https://kaz.365info.kz/ysheuimen-gana-bolyp-zhyrmin-almatylykh-aru-17-zhigitpen-khatar-zhyretinin-ajtyp-makhtandy-326954

Ол кездері қара былғары күртке мода болды. Көптің қолы жете бермейтін. Оны айтасыз, 1991 жыл, ел азық-түлікті арнайы түбіртек арқылы алып жүрген кез еді. Ерке-тотай студентпін ғой. Қатты қаладым былғары күрткені. Сөйтіп Елбасына хат жаздым.

Бұл оқиғаны неге қазір айтып отыр дейтін шығарсыздар? Қарапайым қазақ қызына жауап берген ұлыбританиялық патшайымның оқиғасын оқып, өз басымнан өткен жағдай да есіме түсіп кетті. Менің жазған хатым тіпті президентке дейін жетпеді. Алған жауабымды әлі күнге дейін сақтап жүрмін”, – деп айтты келіншек.

Целлиноградта тұрған бойжеткеннің президент әкімшілігіне жолдаған хатына ұлттық депутаттар қалалық кеңесінің атқарушы комитеті мынадай жауап қайтарған:

“Қалалық атқарушы комитет сіздің Қазақстан президентіне жолдаған хатыңызды қарап шығып, № 13/648 шешімі бойынша мынаны хабарлайды: Былғарыдан жасалған киім-кешектер арнайы өндіріс орындарында іске асады.

https://kaz.365info.kz/khojshy-ej-kharyndas-khytyryp-khoyatyn-kelin-bar-eken-video-326916

1991 жылдың мамыр мен желтоқсан айларындағы аралықта былғарыдан жасалған киімдер таралымға түспегендіктен,

өкінішке орай сіздің өтінішіңізді орындауға мүмкіндік болмай тұр”,

деп мәлімдеген төраға орынбасары А.А.Шәкіров.

https://kaz.365info.kz/ol-menin-dauysym-tojda-hitke-ajnalgan-anderdin-avtory-bakhaevanyn-maskharasyn-shygardy-video-326890

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз