Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жасыл технология: биыл 10 баламалы энергия нысан іске қосылады

563

Министр мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауына да кеңінен тоқталды.

«Шикізатты игеру индустриясын тиімді етуді қайта қарастырып, табиғи ресурстарды басқаруды қолға алатын кез жетті. Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді енгізу қажет. Отандық кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергеия үнемділігіне деген талапты күшейтіп, сонымен қатар энергияны өндірушілердің өзінің экологияны ластамауын қатаң қадағалауға алу керек.

Астана өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, „таза„ энергия саласындағы прогрестің аса қарқынмен жылжып келе жатқанын көрсетеді, – деп Елбасымыз айтып өтті. Сөйтіп мемлекет басшысы бүгінгі таңда өндіріліп жатқан энергияның төрттен бір бөлігі балаламалы энергия көздері боп табылатынына маңыз берді. Бұл рас.

Болжам бойынша, 2050 жылы бұл көрсеткіш 80 процентті құрамақ. Сондықтан Қазақстан өндірілетін баламалы энергия көзінің үлесін 2030 жылға дейін 30 процентке жеткізу туралы алдына мақсат қойды. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің „жасыл„ технологияға инвестиция салуға шақырып, оларды ынталандырып отыруды тапсырды», – дейді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда баламалы энергия нарығы дамып келеді.

Мәселен, былтыр 5 нысан қолданысқа беріліпті, атап айтқанда, 3 cу электр стансасы, 1 жел электр стансасы, 1 күннен қуат алатын электр станса. Ал биылғы жоспарда оны екі есе артық орындаймыз делінеді. Демек, биыл жалпы қуаттылығы 123 МВТ-ты құрайтын 10 нысан бой көтермек.

Осылайша Қазақстан электр энергиясы өндірісіндегі баламалы энергия көзінің үлесі 1,08 процентке жетпек.

23-мамырдан бастап 7-маусым аралығында Қазақстанда көктемгі аукцион өтті. Сауда-саттыққа қуаттылығы 245 МВт-ты құрайтын жобалар қойылды. Соның арқасында бірінші күні-ақ Жел энергия стансасының тарифі 20 процентке төмендеді. Бұл ретте министр баламалы энергия көздерінің жобаларын жүзеге асыру тетігіне арналған заңнамалық және институциональдық құжаттардың өткен жылы қабылданып, құрылғанын еске сала кетті.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, энерготиімділікті арттыруға бағытталған жобалар жыл сайын ауаға таралып жатқан көмірқышқыл газының көлемін 600 тоннаға дейін азайтады.

Ал қаржыландыру жағына келетін болсақ, бірер жыл бұрын ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасын іске қосқан болатын. Ол жоба мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энерготиімділігін арттыруға бағытталған.

ҚР инвестициялар мен даму министрлігінің мәліметінше, энерготиімділік бойынша серіктестік бағдарламасы іске қосылып, ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк 2016 жылы жалпы сомасы 26 млн долардан асатын келісімді ратификациялаған Бұл бағдарлама 3 жылға есептелген еді, яғни 2019 жылға дейін. Айта кетерлік жайт, энерготиімділіқ қорын жасақтау 100 нақты қадамда қарастырылған.

Дүниежүзілік банктың энерготиімділік бойынша тәжірибесі мол және аталмыш салада Қазақстандағы серіктестік табысты болуы тиіс. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында Щвейцариялық агенттік Траст қоры арқылы 21,7 млн долл көлемінде қаржы ұсынды.

Естеріңізде болса, EXPO – 2017 көрмесі нәтижесінде, алдағы уақытта құны 1 трлн теңге бола­тын 53 нысанды іске қосу жос­арланған еді. Энергетика министр­лігінің мәліметінше, 22-сі – 957 МВт қуатқа ие жел электр стансасы, 750 МВт өндіретін 18 күн электр стансасы және 268 Мвт бере алатын 13 су электр стансасы.

2010 жылы III Астаналық экономикалық форумында Қазақстан Президентінің ұсынған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы әлемдік қауымдастықтың, іскерлік ортаның, БҰҰ-ның «Рио+20» саммитінде қолдау тапты. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы ЭКСПО-2017 көрмесінде климаттық келісімдерге қол жеткізуге үлкен серпін берді.

«Жасыл көпір» серіктестігі жаһандық бастамасының негізгі міндеті – «жасыл экономика» саласындағы білім, инновация және технологияны алмастыру және трансферттеу жолымен экономикалық өсім бойынша Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту екенін баса айта кеткіміз келеді. Осы жағынан алғанда, Париж келісімі мен Елбасы бастамасымен әлемдік қауымдастыққа ұсынылған осы серіктестік бағдарламасы Қазақстанда баламалы энергия көздері нысандарының көптеп салынуын талап етеді әрі оған айырықша серпін береді.

Демек, Елбасы бастамалары мен Астанада 2017 жылы өткен EXPO халықаралық көрмесі Қазақстанның жасыл экономикаға трансформациялануына әкеліп, дамудың тағы бір жоғары сатысына көтерді деп нық айта аламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз