Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Жасыл экономика: Шымкентте биогаз қондырғылар кешені іске қосылды

Жалпы облыста жаңартылған энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды”, – деді әкім.

Жобаның бастамашысы “Су ресурстары – маркетинг” ЖШС болып табылатын жобаның құны – 2 миллиард 200 миллион теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.

Жалпы, облыс көлемінде Мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округінде қуаты 20 МВт “Жылға” және Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз